Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ
1. Өткізгіштердегі кернеу мен 1. Өткізгіштерді тізбектей
өткізгіш кедергісі шама- және параллель жалғаудың
ларының тәуелділігі; теориясы.
2. Өткізгіштердегі ток күші 2. Өткізгіштерді тізбектей
мен кедергінің арасындағы және параллель жалғау
кері байланысы. кезіндегі :
- ток күшінің;
- кернеудің;
- кедергінің формулалары.
Ескі әлемнен Жаңа әлемге:
1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
1. I = I1 = I2 = . . . = In
2. U = U1 + U2 + . . . + Un
3. R = R1 + R2 + . . . + Rn
2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
Э
лектр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
Назар аударыңдар:
*** Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда олардың ұзындықтары артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі артады. Ал параллель жалғағанда олардың көлденең қимасының ауданы артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі кемиді.
*** Өткізгіштердің кедергісі бірдей болғанда :
а) тізбектей R= 2R1
б) параллель R = R1 / 2
*** Кедергі әр түрлі болса:
R = (R1 * R2)/ (R1 + R2)
Есте сақта!
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, бөліктің толық кедергісі әрқашан бөліктегі ең аз кедергіден кіші болады.
Жаңа әлемнен Ескі әлемге:
1.Өткізгіштердегі кернеу түсуі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал:
U1 : U2 : ... : Un = R1 : R2 : ... : R n
2. Өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілерінің кері шамаларының қатынасына тең:
I2 : I2 : ... : In = 1/ R1: 1/ R2 : ... : 1/ Rn
Семантикалық карта
ІІІ. Толғаныс Есептер шығару
1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 16 В, 480 Ом
2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 275 Ом
3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай? Жауабы: 0,48 А; 2 А
*** Дидактикалық материалдардан есептер шығару.
Тест сұрақтары
1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?
а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I = I1 - I2
3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?
а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2
4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2
6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?
а) параллель ә) тізбектей б) аралас
Тест жауаптары: 1 – а, 2 - ә, 3 – а, 4 - ә, 5 - ә, 6 - ә, 7 – а, 8 – ә
«Бес жолды өлең» стратегиясы «Өткізгіш » сөзіне.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы:
§ 9.4 Венн диаграммасын толтыру.
Есептер шығару
Достарыңызбен бөлісу: |