Миға шабуыл . Бейнематериалдар арқылы .Электрондық оқулықтан
«Электр тогы» тақырыбындағы бейнематериал көрсету.
Мағынаны тану-топтық жұмыс Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
І топ. Энергияның түрленуі деген не?
ІІ топ. Ток көзінің ішкі кедергісі деген не?
ІІІ топ. Ток көздерінің түрлері. Электр қозғаушы күш деген не?
Оқулықпен жұмыс.Топтар тақырыпты оқып қорғайды
Өткізгіште электр тогы пайда болуы үшін және ұзақ сақталу үшін мына шарттар қажет:
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы болу керек;(интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау)
Қозғалысты туғызатын электр өрісі болу керек; (электр өрісі кез-келген зарядталған денелердің айналасында болады, оны көру немесе ұстау мүмкін емес; электр өрісінің бар не жоқ екендігін тек оның әсері арқылы білуге болады)
Өрісті туғызатын ток көздері керек; — Ток көздеріне гальвани элементін, аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын айтуға болады.
♦ Гальвани элементінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
♦ генераторларда (СЭС, ЖЭС, жел, күн электр станциялары)
магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді. Бұл күн энергиясын жұтатын пластинка (көрсету) Металл жылуды қабылдайды.(арнайы репортаж)
Электр тогын өндіру СЭС-40 ٪ Генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішті айналдыру үшін судың механикалық энергиялары қолданылады.
ЖЭС-40 ٪ Жылумен қаланы қамтамасыз етеді. Трубиналарда будың энергиясын электр энергиясына айналдырады.
Жел, күн-5 ٪ Жер мен ғарыштың ортасында бағаналар жоқ. Сондықтан ғарышкерлер күн энергиясымен қоректендірілген батареяларды қолданады.
АЭС-15 ٪Атом бомбасын бейбіт мақсатта реактордың ішінде жарады. 1г атом 1600т көмір жанған кезде бөлінетін жылуды береді, өте үнемді.
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады.