Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1) Оқушылардың теориялық материалды қалай игергендігін тексеру үшін «физикалық диктант» және «сәйкестендіру» тапсырмасы беріледі.
1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым)
2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі)
3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)
4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)
5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)
6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер)
Оқушылар өзара және өзін- өзі тексереді. Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасайды.
«Сәйкестендіру» тапсырмасы. Жеке жұмыс (I)
1
|
Магниттік өрістің 2 негізгі қасиеттері қандай және магнит өрісін не тудырады?
|
|
А) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер.
|
2
|
Магнит өрісінің сызықтары деген не?
|
|
Ә)магнит тілшесінің осі деп аталады.
|
3
|
Магнит өрісі деген не?
|
|
Б)магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар.
|
4
|
Магниттің неше полюсі бар?
|
|
В)тогы бар шарғының ішіне шыныққан болаттан жасалған өзекше орнатып, алуға болады.
|
5
|
Тұрақтты магниттер
|
|
Г)оның электр тогына әсер етуінде, тек қозғалыстағы зарядтар мен тұрақты магниттер ғана магнит өрісін тудырады.
|
6
|
Тұрақты магнитті қалай алуға болады?
|
|
Ғ)тұйықталады.
|
7
|
Магнит сызықтары магнит ішінде
|
|
Д)солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді.
|
8
|
Магнит сызықтары қалай бағытталады?
|
|
Е)өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материя түрі.
|
9
|
Магниттік аномалиялар
|
|
Ж)екі полюсі (N) солтүстік және оңтүстік (S)
|
10
|
Тілшенің ортасынан өтетін және оның полбстерін қосатын түзу
|
|
З)магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауының жергілікті магнит өрістерінің пайда болуы.
|
Зерттеу жүргізу. Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатындазертханалық жұмыс жасайды. №9. Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу
Мұғалім зертханалық жұмыс бойынша кері байланыс жасап, оқушылардың қорытындысына толықтырулар жасайды.
4) Сабақты бекіту.Жеке жұмыс (I)Оқушылар теориялық материалды және зерттеу нәтижесін қолдану дағдысын дамыту үшін физикалық диктант орындайды
1.................... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады. (соленоид)
2.Күш сызықтары шарғының ...................... полюсі жағынан шығып, ................ полюсі жағына кіреді. (солтүстік, оңтүстік)
3.Шарғының екінші жағы .......................... полюс болады, бұл жерде ток орам бойымен ......................... бағытымен ағады. (оңтүстік, сағат тілі)
4.Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы .................... деп, ал шарғыға оралған сымдар .......................................................... деп аталады. (электромагнит, электромагниттің орамасы)
5. Электромагнитті көбіне .................... тәрізді етіп жасайды.(таға)
6.Электромагниттер көтергіш крандарда, ........................................, .............................., қолданылады. ( телеграфта, телефонда
Рефлексия
Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
|