Сабақтың тақырыбы: Электр тогы тарауын қайталау. Мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі64,97 Kb.
#47706
түріСабақ
Физика пәні мұғалімі: Габасова Б.Г

Сабақтың тақырыбы: Электр тогы тарауын қайталау.
Мақсаты:

1.Оқушылардың «Электр тогы» тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу , графиктік, эксперименттік есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, дербес жұмыс жасауға дағдыландыру.

3.Өзбеттерімен жұмыс істеуге, , шапшаңдыққа, жауапкершілікке, тәрбиелеу.


Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақ типі: білім мен білікті , дағдыны бекіту.

Сабақ әдісі: өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап, эксперимент жасау,есеп шығару.

Пәнаралық байланыс: физика, математика ,информатика.

Көрнекілігі: слайд, таратпа материалдар, интерактивті тақта, ЭКСПО-2017 эмблемасы, бағалау парағы.

Қажетті құралдар: волтьметр, амперметр,реостат,ток көзі.


Сабақ жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Физикалық шамалар,белгіленуі, өлшем бірлігі.

IV.Формула құрастыр.

V.Физикалық эстафета.

VI. «ЭКСПО-2017»

VII.Эксперименттік есеп шығару

VIII.Графиктік есептер шығару.

IX.Қорытындылау, бағалау

X.Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:



I.Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру

II.Үй тапсырмасын қайталау.

Оқушылар кезекпен үйге берілген үш есептің шығарылу жолын түсіндіріп, жауабын айтады.Жауаптары тексеріледі.

1.Кедергілері 1 Ом, 2 Ом, 3Ом, 4 Ом резисторларды АВ нүктелерінде ток

көзіне қосқанда, олардың жалпы кедергісі. Жауабы: 0,9 Ом.



2.Егер R1= R2 =R3 =R4 =R5 =R= 8 Ом болса, онда сұлбаның 1 және 2 нүктелері арасындағы толық кедергі неге тең? Жауабы: 4 Ом




3. Егер амперметр 2 А-ді көрсетсе, ал резисторлардың кедергілері R1=2 Ом,

R2= 10 Ом, R3=15 Ом, R4= 4 Ом болса,онда тізбектегі ток күші мен кернеуді табыңдар. Жауабы: I= 5А; U= 60В



III. Физикалық шамалар, белгіленуі, өлшем бірлігі.

Электр тогы тарауы бойынша берілген физикалық шамалардың

белгіленуін ,өлшем бірлігін жазу. Бұл тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар тақтадағы дұрыс жауап бойынша өздерін тексеріп ,бағалайды.

13 –дұрыс болса –«5» ,12- дұрыс болса-«4», 11 - дұрыс болса –«3»


р/с

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

1

Ток күші

I

А

2

Электр заряды

q

Кл

3

Кернеу

U

В

4

Кедергі

R

Ом

5

Электр қозғаушы күш

Ԑ

В

6

Потенциалдар айырымы

Δϕ

В

7

Өткізгіштің меншікті кедергісі

ρ

Ом·м; Ом·мм2

8

Электр тогының жұмысы

A

Дж

9

Электр тогының қуаты

P

Вт

10

Өткізгіштің көлденең қимасының ауданы

S

м2

11

Ток көзінің ішкі кедергісі

r

Ом

12

Жылу мөлшері

Q

Дж

13

Өткізгіш ұзындығы

L

м

IV. Формула құрастыр.

Екі кестеде физикалық шамалардың әріппен белгіленуі жазылады.Бірінші қатардағы оқушылар сол жақ кестедегі, екінші қатадағы оқушылар оң жақ кестедегі әріптерден формула құрастырып, дәптерлеріне жазады.Тапсырманы орындап болғаннан кейін екі көрші бір-бірлерін тексеріп, бағалайды. Үш формула да дұрыс жазылса –«5». Екі формула дұрыс болса –«4». Бір формула- «3» Әр қатардан бір-бір оқушы шығып формуланы оқып, физикалық мағынасын түсіндіреді.


I , U, R, t , A

S , ρ, L , Ԑ , q , Аб





Ԑ , r , R , I, Q , R

Δϕ , Ак , q, I2 , t





А = I U t ; R = ρ·L/ S

Ԑ = Aб/q



I=Ԑ/R+ r ; Q= I2 R t

Δϕ = Aк/q


V. Физикалық эстафета.

Екі есеп беріледі . Екі қатардан оқушылар екі тақтаға кезекпен шығып жарысады, біреуі берілгенін , екіншісі формуласын жазады, үшінші оқушы есептейді.

Есеп:


1)8 нКл және 6 нКл нүктелік зарядтар бір-бірінен 30 см қашықтықта орналасқан. Олардың арақашықтығын 3 есе арттыру үшін электр өрісінің атқаратын жұмысы. (k= 9· 109 н м2/Кл2)

Бер: Формуласы: Шешуі:

q1 = 8 нКл = 8 ·10-9 Кл А=q· (ϕ1 - ϕ2) А= 8 ·10-9Кл ·9 109нм2 /Кл2 ( 6· 10-9Кл/0,3м-

q2 = 6 нКл = 6· 10- 9Кл ϕ=k ·q/r 6 ·10-9/0,9м) = 957,6 10-9 Дж =0,9 мкДж r1 =30 см = 0,3 м A = q1· k (q2/r1 - q2/r2)

r2 = 90 см=0,9 м Ж: А = 0,9 мкДж

k = 9 109 н м2/Кл2

Т/к А =?
2)20нКл және 5 нКл нүктелік зарядтар бір-бірінен 50 см қашықтықта орналасқан.

Олардың арақашықтығын 5 есе арттыру үшін электр өрісінің атқаратын жұмысы. (k= 9· 109 н м2/Кл2)

Бер: Формуласы: Шешуі:

q1 =20нКл=20 10-9Кл А=q· (ϕ1 - ϕ2) А= 20 10-9Кл ·9 109(5 10-9/0,5 м-

q2 = 5нКл=5 10-9Кл ϕ=k ·q/r 5 10-9/2,5 м) =1440 ·10-9Дж =1,44мкДж

r1 =50 см=0.5 м A = q1· k (q2/r1 - q2/r2)

r2 =5· 0.5 = 2,5 м Ж: А=1,44 мкДж

k =9 ·109н м2/Кл2



___________________________

Т/к A=?


VI. «ЭКСПО -2017»

ЭКСПО-2017 көрмесінің эмблемасын құрастыру. Ол үшін оқушылар столда жатқан эмблеменың бөліктерін бір-бірлеп алып, таратпа материалдардағы сұрақтарға жауап бергеннен кейін , тақтаға апарып орналастырады.

Таратпа материалдардағы сұрақтар:

1)Металдар өткізгіштігінің электрондық теориясының негізгі қағидалары қандай?

2)Электрондық теория негізінде өткізгіштерде электр кедергісінің бар болуын түсіндір.

3) Электр тогы дегеніміз не?

4)Электрондық теория тұрғысынан Ом және Джоуль –Ленц заңдарын қалай түсіндіруге болады?

5)Электр тогының пайда болуының басты шарттарын ата.


VII.Эксперименттік есеп шығару.

Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау.

Қажетті құралдар: ток көзі, амперметр, вольтметр, реостат,жалғағыш сымдар, кілт.

Эксперименттің орындалу тәртібі

1)Сұлбаға сәйкес тізбек құрастыру. Реостаттың реттеуішін ортасына қойып, амперметр мен вольтметрдің көрсетуін жазу керек.

2)Реостаттың реттеуішін жылжытып амперметр мен волтьметрдің жаңа көрсетуін жазып, өлшеу нәтижелері бойынша төк көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін анықтау.



Қажетті формулалар: I=Ԑ/R+r ; R=U/I ; U= I ·R ; U1= I1R1; Ԑ=I1R1+ I1r ; Ԑ=I2 R2+ I2r U2 = I2R Ԑ=U1+ I1r ; Ԑ= U2+ I2r

U1 +I1r = U2+ I2r

r = U1- U2 / I2- I1 ; Ԑ=U1 + I1r

VIII.Графиктік есептер шығару.

Сабақтың бұл бөлімін математика және информатика пәні мұғалімдері өткізеді.

1.Графиктік есептерді шығару үшін 7 кластағы алгебра курсынан өткен тура және кері пропорционалдықты еске түсіру керек.

а)Кестені толтыр

I

(А)


0,5

1

1,5

2

2,5

3




2

4

6

8

10

12

б) В нүктесінің координаталарын тап (8; 1)

в) Кернеу артқан сайын ток күші де

артады деген тұжырым дұрыс па?

Жауабы : дұрыс


2.Тізбек бөлігінің кернеуі тұрақты 4В. Тізбекке жеке-жеке 1 Ом, 2 Ом, 3 Ом ,4 Ом , 5Ом

кедергілерді қосқанда ток күштері неге тең болатындығын есепте.

А) Кестені толтыр

Б) Кесте бойынша график сыз.





R

(Ом)



1

2

3

4

5

I

(А)



4

2

1,3

1

0,8

IX .Қорытындылау, бағалау

Х.Үйге тапсырма: Деңгейлік есептер.


Үйге тапсырма

«3» 1.«Диаметрі 0,1 мм металл сымның ұзындық бірлігіндегі кедергісі 2,23 Ом .

Сымның меншікті кедергісін тап.

А)15· 10-9Ом·м Б)17· 10-9Ом м С)12·10-9Ом м Д)14·10-9Ом м Е)11·10-9Ом м
2. Тізбек ЭҚК-і 4,5 В және ішкі кедергісі 1,5 Ом ток көзінен, кедергілері 4,5 Ом

және 3 Ом тізбектей қосылған өткізгіштерден тұрады. Токтың R1 кедергіде 20 мин ішінде атқаратын жұмысы қандай?

А) 1550 Дж Б) 1250 Дж С)1350 Дж Д)1650 ДЖ Е)1150 Дж

«4» 1. Нүктелік 2 мкКл және 3 мкКл зарядтардың арақашықтығы 20 см. q1 зарядын q2 зарядынан 40 см қашықтыққа орын ауыстыру үшін электр өрісінің атқаратын жұмысы.(k = 9 109 нм2 /Кл2)

А)125 мДж Б) 135 мДж С)137 мДж Д)134 мДж Е)132 мДж


2. Радиусы 2см заряды 6 нКл металл шарик бетінен 4 см қашықтықтағы өріс

кернеулігі. (k =9 109 нм2 /Кл2)

А) 15 кН/Кл Б) 12кН/Кл С)16 кН/Кл Д)13 кН/Кл Е) 17 кН/Кл
«5» 1.Ток көзінің ЭҚК-і 16 В, ішкі кедергісі 3 Ом. Егер тізбектің толық қуаты 16 Вт болса, онда сыртқы тізбектің кедергісі қанша?

А)17 Ом Б)13 Ом С)11 Ом Д)15 Ом Е) 14 Ом


2.Әрқайсысының кедергісі 15 Ом болатын тізбектеп қосылған екі шам мен

реостаттың жалпы кедергісі 54 Ом. Реостаттың кедергісін анықтаңыз.



А) 26 Ом Б) 24 Ом С)28 Ом Д)25 Ом Е)23 Ом

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет