Күтілетін нәтижелер
|
Оқушылар электр тогы, ток күші, кернеу туралы білімдерін өз бетінше ой-қорытындылар жасай білу негізінде тереңдетеді.
Электр тогы, ток күші, кернеу тақырыбына есептер шығару арқылы оқушылар өз дүниетанымына сенімділік орнатады.
Оқушылар топтық жұмыс жасау және бірін- бірі әділ бағалау арқылы ынтымақтастық, достық қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
|
Керекті жабдықтар
|
Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, үлестірмелі материалдар, құрал жабдықтар
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сұрақ-жауап
Формула құрастыру
Есептер шешу
Графикалық тест
Практикалық жұмыс
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Тақырыпқа байланысты «Ток күші», «Кернеу», «Кедергі» болып 3 топқа бөлу
- Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін және өздерінің «Алтын ережесін» еске түсіру.
- Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылар түзу, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қойып, аяқтарын айқастырмай отырады, Баяу музыка жіберіледі.
«Хрустальная грусть» А.Захаренко
-Бағалау критерилерімен таныстырып, бағалау парақшасын тарату.
|
Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
|
Сұрақ-жауап
|
Әр топ ағылшын және қазақ тілінде 10 сұрақ құрастырып, қарама-қарсы топқа қояды
1 топ: электр тогы, ток көздері тақырыбына
2 топ: Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері тақырыбына
3 топ: Ток күші, кернеу тақырыбына
|
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді. Әрбір топ өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауып беруге тырысады. Көрші топтардың жауаптарын мұқият тыңдайды, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Бағалау бетшесін толтырады. Әр дұрыс жауап – 1 балл
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |