Сабақтың тақырыбы: Электр тогының химиялық әсері Дайындаған: Қадырбек Г.Қ. Класы: 8



бет1/9
Дата26.02.2020
өлшемі3,92 Mb.
#59050
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0000c3df-9a7e0673

№5 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының химиялық әсері

Дайындаған: Қадырбек Г.Қ.

Класы: 8 «б»

2015-2016 оқу жылы

Күні: 15.03.2016ж

Класы: 8 «б»

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының химиялық әсері

Сабақ мақсаттары:
Пәндік: дамыта оқыту жүйесін пайдаланып, оқушылардың өз
беттерінше жұмыс жасап, қорытындылауға, тақырыпты
практика жүзінде зерттеп, оқуға бағыттау.
Жүйелік: берілген тапсырмалар бойынша материалдар жинақтап, 
бір – бірін бақылауға үйрету.
Тұлғалық: тақырыпты практика жүзінде зерттеуді, «Электролиз» 
ұғымымен байланыстыра отырып, өзін бағалауды дамыту.
Тілдік мақсаты: Оқушылар төменде көрсетілген терминдерді еркін қолдана 
алады: электролиз, катод, анод, диссоциация, гальваниостегия
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: химия және физика
Сабақ көрнекіліктері: слайд, плокаттар, тәжірибелік жұмысқа керекті құрал – жабдықтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар

Сәлем-сөздің анасы" дегендей, алдымен амандасып алайық. Әлемде әр халықтың өзіндік амандасу тәсілі бар екен, мысалы, қазіргі гректер «Аман бол!» деген сөзбен амандасады екен, арабтар «Әлем, мен саған сенемін!» деп амандасса,латын-американдықтар құшақтасып амандасады, ал үнділер қолдарымен тәжім етеді екен. Ал енді австралиялықтар үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді,жамбастарымен қағысады. Біз де осы австралиялықтар тәрізді амандасып көрейік.



Жаңа сабақ

Металдардағы токты тасымалданатын қандай бөлшектер?

  • Қатты күйдегі металдардың негізі кристалл торы болып табылады, оның түйіндерінде – оң иондар, ал иондардың арасында кеңістікте еркін электрондар қозғалады.

  • Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретсіз жылу қозғалыстарын жасайды. Олардың қозғалысы желсіз ауадағы шіркейлер тобының ретсіз қозғалысына ұқсайды

  • Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.

  • Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы

  • Электр өрісінің әрекетінен металдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес. Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең юолады (300000км/с)

Сұйық өткізгіштер – электролиттердегі электр тогының табиғаты металдардағы қарағанда өзгеше.

  • Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса тұздар мен металдардың қорытпалары электролиттер деп аталады.

  • Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.

Зарядты тасымалдаушы қандай бөлшектер болып табылады және электролиттердегі ток дегеніміз не?

  • Электролиттердегі электр тогы дегеніміз – оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.

  • Электролит арқылы элект тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі электрлиз деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет