Сабақтың тақырыбы: Электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері



Дата05.02.2022
өлшемі43,74 Kb.
#18253
түріСабақ

Искакова Дана Манаповна,
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері.


Мақсаты: Металдардың химиялық қасиеттері электрохимиялық кернеу қатары жайлы түсініктерін дамыту, функционалды сауаттылықтарын жетілдіру, сындарлы ойлау дағдысын арттыру.
Жұмыс нәтижесі:
Металдардың химиялық қасиеттері жайлы білім қорлары кеңейеді, электрохимиялық кернеу қатарын пайдалана біледі, химиялық тіл және химиялық сауаттылық жетіледі.
Сілтеме: Химия. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /Ә.Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманова Алматы: «Мектеп» баспасы 2013.
Химия. Әдістемелік нұсқау/ К. Жексембина , Ә.Н.Нұрахметов. - Алматы: «Мектеп» баспасы. 2013.
Негізгі идеясы: Химиялық реакцияларда металдар өздерінің валенттік электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш болатынын түсінуі, алған білімдерін тапсырма орындауда қолдану мүмкіншіліктерінің кеңеюі.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері: Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: тест жұмысы, танымдық тапсырмалар .
Оқуды және оқыту үшін бағалау: смайлик, қол шапалақтау.
АКТ-ны қолдану: таныстырылым жасау, танымдық тапсырмалар, зертханалық жұмыс.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс.
Ресурстар: компьютер, проектор, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар,желім, қайшы, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут


Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру: жағымды психологиялық көңіл-күй орнату, топқа бөлу, мақсат қою.
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия.
Үйге тапсырма: ОК §30 № 8,9
1. Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым Сатпаев Қаныш Имантайұлының еңбектері жайлы мәлімет жинақтау.
2. Эссе жазу:
«Ағза толған химиялық элемент,
Біліп алғың қызметін, неткен олар керемет!».
Блум таксономиясы бойынша сабақ барысы:
Білу кезеңі:
Үй тапсырмасы: Өткен сабақ бойынша білім-біліктерін қайталау.
«Миға шабуыл».
Металдар және олардың физикалық қасиеттері бойынша жабық сұрақтардан құралған тест сұрақтары:
1. ПЖ-дағы металдар саны –
2. Электрөткізгіштігі жоғары металл -
3. Ең жеңіл металл –
4. Адам алақанының қызуында балқитын металл-
5. Ең қиын балқитын металл-
6. Ең ауыр металл –
7. Ең қатты металл -
8. Иілгіштігі жоғары металл –
9. №13 металдың электрон қабатының саны –
10. Организмдердің тіршілігіндегі маңызды элементтер -
.......... .
Шығармашылық тапсырма.
Мәлімет жинақтау «Ғасырға атау болған металдар сыры». Металдардың физикалық қасиеттері тақырыбы бойынша білімдерін жаңғыртады.
Адамзат қоғамының дамуындағы металдардың маңызын дәріптейді.
Түсіну кезеңі: Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқулық бойынша топтық жұмыс\мәтінмен жұмыс,түртіп алу.
Жекелей, жұптық, топтық талқылау.
Мәтінмен топтық жұмыс жүргізе отырып, талдау жасап, оқулықтағы мәтінді игереді.
Қолдану кезеңі: Білімдерін тапсырма орындау барысында тиімді пайдалану
(оқулықта берілген сұрақтар, жаттығулар және есептер бойынша жұмыс жасау). Топтық тапсырмалар:
1.Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай?


Талдау кезеңі: Білімді зерделеу. Реакциялардың жүру мімкіндіктерін анықтау. Танымдық тапсырма ОБ №4.
Практикада мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтаңдар. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
Жинақтау кезеңі: Мақал-мәтелдердің шығу себебін химиялық қасиетімен салыстыры ңыздар. Мақал-мәтелдерді химиялық тілде қалай түсінесіздер?
1.ײТемірді қызған кезінде соқ״.
( Металдарды қыздырған кезде ішкі электрондарының қозғалысы артып оңай созылғыш, иілгіш қасиетке ие болады).
2. “Алтынмен аптап , күміспен күптеп ....”.
(Химиялық белсенділігі төмен асыл металдармен арзан және оңай жемірілгіш металдарды қаптап жасалған зат адамның игілігіне ұзақ қызмет етеді және қымбат бағаланады) .
3.” Ақыл арымас , алтын шірімес„.
(Алтынның химиялық белсенділігінің төмендігі мақалдың теңеуіне негіз болған).
4.“Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады”.
(Сапалы болат алу үшін темірді басқа да қоспалармен араластырып жоғары температурада балқытады. Себебі, жоғары температурада темір атомдары қоспа элементтерінің атомдарымен кірігіп мықты байланыс түзеді).
Мақал-мәтелдердің мағынасын химиялық қасиеттерімен салыстырып, маңыздылығын айқындайды, пәнаралық байланыс орнатады.
Бағалау кезеңі: Ойын жинақтауға баулу. Стикер қағаздарына сабақтың тиімділігі, ұсыныстары т.б. ойларын білдіреді.

[size=6]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет