Гидролиз. Тұздардың гидролизі
Гидролиз (гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы, яғни, еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп, ерітіндінің рН-ын өзгерте ыдырауын гидролиз деп атайды. Гидролизге тұздар және әр түрлі органикалық қосылыстар белоктар, майлар, қанттар ұшырайды.
Гидролиз өте күрделі процесс. Тұздағы электртерістігі үлкен элемент немесе топ сутек ионымен, ал электртерістігі аз элемент немесе топ ОН- ионымен байланысады.
Тұздардың табиғатына және сыртқы жағдайға қарай, гидролиз сатылап, әр түрлі жылдамдықпен жүреді.
Тұздарды түзілу тегіне қарай, төрт топқа бөлуге болады.
күшті қышқыл мен күшті негіздің тұздары гидролизге ұшырамайды, бұл тұздар негізінен І және VII топтардың элементтерінен құралады және олардың аниондары ретінде күшті қышқылдардың аниондары қызмет атқарады. Мысалдар ретінде келесі тұздар қарастырылады: NaCl, KNO3, NaClO4, KBr, KF т.б.. (рН=7)
2) күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары (CuCl2, NH4Cl, Al2(SO4)3, SnCl2, AlCl3, NH4NO3) гидролизге ұшырайды. Гидролиз катион арқылы жүреді, орта қышқылдық, рН<7. Гидролиздің молекулалық реакциясы:
Бір зарядты катион үшін:
NH4NO3 + H2O = NH4OH + HNO3
NH4+ +NO3- + HOН = NH4ОH + H++NO3-
қысқартылған иондық реакция:
NH4+ + HOН = NH4ОH + H+ (pH<7)
Көп зарядты катион үшін:
AlCl3 + HOH = AlOHCl + HСl
І саты: Al3+ + HOH = AlOH2+ + H+
ІІ саты: AlOH2+ + HOH = Al(OH)2+ + H+
Түзілген Н+-иондар гидролиздің аяғына дейін жүруіне кедергі жасайды. Сондықтан бұл гидролиз ІІ-ші сатыда тоқтайды.
ІІІ саты тек арнайы жағдайлар жасалғанда іске асады:
Al(OH)2+ + HOH = Al(OH)3 + H+
3) әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұздары: (СН3СООNa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2.) гидролизге ұшырайды. рН > 7, орта негіздік.
Гидролиз анион арқылы жүреді. Бір зарядты анион үшін:
Бір зарядты анион үшін:
KCN + HOH = HCN + KOH
иондық реакция:
K+ + CN- + HOH = HCN + K+ + OH-
қысқартылған иондық реакция:
CN- + HOH = HCN + OH- рН > 7
Көп зарядты анион үшін:
Na2CO3 + HOH = NaHCO3 + NaOH
І саты: CO3 2-+ HOH= HCO3- + OH -
Түзілген ОН--иондар қайтадан көмір қышқылымен әрекеттеседі, сондықтан гидролиз І-ші сатыда тоқтайды.
ІІ саты тек арнайы жағдай жасалғанда іске асады:
HCO3 -+ HOH = H2CO3 + OH-
Достарыңызбен бөлісу: |