Сабақтың таырыбы Электромагниттік индукция құбылысы тарауын қайталау Сілтеме Жоспар



Дата24.05.2017
өлшемі101,29 Kb.
#16857
түріСабақ
Бекітемін:

Күні: 22.04.15

Сыныбы: 10 « А »

Пәні:физика

Сабақтың таырыбы

Электромагниттік индукция құбылысы тарауын қайталау

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Электромагнит индукциясы тарауы жайлы алған білімдерін жетілдіру, тексеру

  • Электромагнит индукциясы тарауының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Электромагнит индукциясы тарауы жайлы мағлұмат алады

  • Электромагнит индукциясы тарауының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

болатындай Лоренц күшін екі құраушыға жіктейік, құраушысы оң жұмыс жасайды.

Екінші құраушы теріс жұмыс жасайды:



Лоренц күшінің толық жұмысы нөлге тең.

Εi=-∆Ф/∆t=-L∆I/∆t

Бұл өрнек өздік индукцияның ЭҚК-н есептеуге мүмкіндік береді.

Магнит өрісінің энергиясы: Wм=1/2ФI, Wм=LI2/2

Көлемнің бірлік ауданына сәйкес келетін энергиямен анықталатын шаманы энергияның көлемдік тығыздығы деп аталады:

ω=Wм/V

L=μ0μn2Sℓ, ал катушкадағы магнит өрісінің индукция векторы B=μ0μnI

Осыдан I=B/μ0μn

Сонда магнит өрісінің энергиясы

Wм=LI2/2= μ0μn2Sℓ/2μ 2μ 02n2·B2=B2/2μ0μ·Sℓ=1B2V/2 μ0μ

Бұл шаманы магниттік қысым деп атайды.

Механикалық, электрлік және магниттік шамалар аpасындағы ұқсастық.


Тапсырма-лар

Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 ,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Сабақ барысы

2. «Қызықты хаттар » 3 сұрақтан 3 топқа ( 10 мин)


3. «Құпия зат» әдісі ( Сұрақ қою арқылы құрылғыны жасыру). ( 5 мин)

4.«Тыңдап ал да жалғастыр » әдісі. ( 5 мин) / электронды оқулық/


5. «Өрмекші торы » әдісі.(4 мин)
6.«Есеп шығарту». (12 мин)

7. «Кім жылдам». Тест тапсырмасы (3 мин)


8. Бағалау. Рефлексия (3 мин)

9. Үйге тапсырма .

Берілген есептерді топпен бірлесе отырып оқып, талқылайды шығарады.

Үйге тапсырма : А.П.Рымкеевич есептер жинағынан №930, №931 ,№ 932

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар

А.П.Рымкеевич есептер жинағынан №927

Кейінгі оқу

§11.1-11.5

Электромагниттік индукция құбылысы тарауы

Деңгейлік есептер 10 кл

1- деңгей.

  1. Индукциясы 25 Тл болатын магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,2 м өткізгіш 0,5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш индукциясының ЭҚК-ін табыңдар.

  2. Индукцияның күш сызықтарына перпендикуляр бағытта ұзындығы 1,8 м өткізгіш 6 м/с жылдамдықпен қозғалады. Өткізгіш ндукциясының ЭҚК-і 1,44 В. Өрістің магниттік индукциясын табыңдар.

3. Ток I =6 А кезінде магнит ағыны пайда болады.

Сым орамының индуктивтілігі қандай?

4.N=150 орамы бар катушка сымынан I=7,5 А ток жүргенде, болатын магнит ағыны пайда болады. Катушканың индуктивтілігі қандай? Катушкаға болат темірді енгізсек, оның индуктивтілігі өзгере ме?

5. N=120 орамы бар катушкадан I=7,5 А ток өткендегі оның магнит ағыны , болса катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңдар.



2- деңгей

1. N=100 орамнан тұратын катушкадағы магнит ағыны Тізбекті ажыратқанда катушкадағы индукцияның ЭҚК –і ε=4 В болса, магнит ағыны қанша уақытқа жоғалады?



  1. Кедергісі R= 4 Ом болатын өткізгіш магнит өрісінде орналасқан.

Δt = 0,5 с аралығында өткізгіште I=0,3 А индукциялық ток пайда болады. Магнит ағынының өзгеруін анықтаңдар.

3.Кедергілері R= 100 Ом, N=500 орамнан тұратын ауданы S = 5 см2

катушка біртекті магнит өрісіне орналастырылған. Уақыт өтуімен

магнит өрісінің индукциясы 0,7 Тл-дан 0,2 Тл-ға кемиді. Осы уақыт аралығында өткізгіште қандай заряд индукцияланған?



Қызықты хаттар

    1. топ

1.Өткізгіште индукция тогының пайда болуын тұңғыш анықтаған кім?

2.Өткізгіштің жылдамдығының бағытын қарама-қарсы бағытқа өзгертсе,

токтың бағыты қандай болады?

3.Максвеллдің ұсынған идеясы қандай?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қызықты хаттар


    1. топ

1.Контурда пайда болатын индукцияның ЭҚК-і қандай шамаға тәуелді?

2.Электр энергиясын өндіруші бөгде күш, яғни зарядталған бөлшек жылдамдық векторына перпендикуляр болғандықтан жұмыс жасамайтын қандай күш?

3.Фарадей тәжірибесінен шығатын қорытынды қандай?

-------------------------------------------------------------------------------------------------------



Қызықты хаттар

3-топ

1.Егер контурдың кедергісі 0-ге тең болса , магнит ағыны неге тең болады?

2. Энергияның сақталу заңы орындалу үшін нені өзгерту керек?

3.Ленц ережесін тұжырымда.



Кім жылдам? /Тест тапсырмасы/

1.Индукциялық токтың бағытын анықтайтын ереже.

А) Ампер В) Фарадей

С) Максвелл Д) Ленц

2.Ампер заңының негізгі формуласы

А) F=BIl sin α В) F=mg h •sin α

С) F=qυ B • sin α Д) F=JBR

3.Магнит индукция векторы модулінің бет ауданына скаляр көбейтіндісі

А) Ток ағыны В) Магнит ағыны

С) Заряд ағыны Д) Бөлшектер ағыны

4. Айнымалы құйынды магнит өрісі алдымен айнымалы құйынды электр

өрісін туғызады, ол өріс контурда тыныштықтағы электрондардың

бағытталған қозғалысын, яғни электр тогын туғызады.Бұл тұжырым:

А) Ампер гипотезасы В) Лоренц гипотезасы

С) Максвелл гипотезасы Д) Герц гипотезасы

5. Көлемінің бірлік ауданына сәйкес келетін энергиямен анықталған шама.

А) Энергияның көлемдік тығыздығы

В) Энергияның аудандық тығыздығы

С) Энергияның беттік тығыздығы

Д) Энергияның бірлік тығыздығы

6. Магнит өрісі тарапынан өткізгішке әрекет ететін күш бағытын анықтауға қолданылатын ереже:

А) Оң қол ережесі В) Сол қол ережесі

С) Оң бұранда ережесі Д) Ленц ережесі

7. Магнит ағынының негізгі формуласы:

А) Ф=B•S∙cosα В) Ф=B•S∙tg α

С) Ф=I∙Δt Д) Ф= ε∙Δt

8. Егер өткізгіш бойымен ток өзгерсе онда осы өткізгіште өздік индукция тогы пайда болады. Бұл құбылыс не деп аталады?

А) Электромагниттік индукция В) Магнит ағыны

С) Ленц ережесі Д) өздік индукция

9. Сыртқы магнит өрісінің өзгерісі кезінде тұйық өткізгіште пайда болған

индукциялық ток қалай аталады?

А) Электромагниттік индукция В) Магнит ағыны

С) Ленц ережесі Д) өздік индукция

10. Максвеллдің тоериялық жолмен электромагниттік толқынның вакуумде таралу жылдамдығын анықтау формуласы

А) В) С)

« Құпия зат»

1.Оның көмегімен тізбекті тұйықтап ,шамдардың қызуы бірдей болатындай етіп реттейміз . Ол қандай құрал? ( Реостат)

2.Оған магнитті енгізу, суырып алу арқылы ток күшінің өзгерісін бақылауға болады. Ол қандай құрал ? ( Катушка)

Кері байланыс

1.Не үйрендім_______________________________________________________


  1. Не қиын болды____________________________________________________

3.Сұрақ _____________________________________________________________

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Кері байланыс

1.Не үйрендім_______________________________________________________

  1. Не қиын болды____________________________________________________

3.Сұрақ _____________________________________________________________

Жұмбақтар

1.Тогы бар өткізгіштер

   Өзара тартылады, тебіледі

   Жауабын білсеңдер

   Айтыңдаршы неліктен ?

Шешуі: (Магниттік күштер әсерінен)


2.Қозғалған зарядтарға

   Магнит өрісінің әсері,

   Жылдамдығын өзгертеді.

   Өлшемдерін қарасаң,

   Ньютонға ол келеді.

                      Шешуі:(Лоренц күші).




Аудандық ашық есік күні


Тақырыбы: Электромагниттік индукция құбылысын қайталау
Сыныбы: 10 а
Пән мұғалімі: М. Елеусінова

2014 - 2015 о.ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет