StudyStacke.com ресурсынан тапсырма орындалады.
Тізімнің ішінен форматтауға қатысты сөйлемдерді белгілеу
Рефлексия.
«4 words about today’s lesson» әдіс-тәсілі арқылы жалғасады. Оқушыларға бүгінгі өткен тақырыпқа қатысты 4 cөзді ағылшын тілінде айту керек
|
StudyStacke.com
стикерлер
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
Жоспарланған сабақтар топтамасынан алынған
бір сабақ бойынша есеп
Сабақтың тақырыбы: Электронды кестелердің элементтерін форматтау.
Сабақтың мақсаты:
Электронды кесте элементтерін біледі,түсінеді. Электронды кесте элементтерін форматтайды.Ұяшықтарды өшіру, тазалау, көшіру, қою әрекеттерін қолданады
Белгілі салаға байланысты тапсырмаларды электронды кестеде есептеу
Сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым. Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа деген ықыластарын ояту үшін «I wish you…». Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлініп отырды. Топ басшыларына топты бағалау парағы берілді.Үй тапсырмасын тексеру үшін «Сиқырлы батырмалар» ойынын қолдандым. Таңдаған санына қарай ActivSlate арқылы слайдтан сұрақтарға жауап берді. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға топбасшы бағасын қойып отырды. Үй тапсырмасы тексерілген соң жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары қойылды. Соңғы сұрақтың жауабын оқушылар білмейді. Осы жерде проблемалық сұрақ туындайды да, жаңа сабаққа мақсат қойылады. Әр топқа тапсырма беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы оқушылар кестені толтырып, жазғандарына анықтама беріп, тақтада қорғады. Оқушыларға сыни тұрғыдан сұрақ қойып және олардың жауаптарына қарай әрекет еттім. Бұл әдісім сәтті өтті деуге болады. Оқушылар өз ойларын айтып бір-бірінің жауаптарын тыңдау арқылы сабақты дұрыс меңгерді деп айта аламын. Себебі, жеке жұмыс барысында оқушылар берілген тапсырмаларды еш қиындықсыз орындай алды. Сабақ барысында топтың әрбір мүшесінің белсенділік танытуын байқадым. Оқушылардың жан-жақты ақпараттарды және мәліметтерді ұғынып, оны топта талқылап, белсенділік танытқаны мені қуантты.
Оқушыларды бағалау үшін тақтаға бағалау критерийлері көрсетіледі. Бағалау парағына өздері алған бағаларын қойды.
Сабақты қорытындылау үшін тақтада «Саңырауқұлақ терейік» ойынын ойнаттым, сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан түсінгендерін және не түсініксіз болғанын анықтап, келесі сабақтың жоспарын құрғанда ескердім.
Достарыңызбен бөлісу:
|