Оқушылармен амандасу.
Сыныптағы оқушыларды түгендеу.
Сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
Сынып ішінде өзара ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «I wish you..» шеңберін құру. Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады да, біріне бірі алақандарын тигізіп, тек қана жағымды, мейірімді сөздер айтады.
«Who is the best?» тәсілімен үй тапсырмасы тексеріледі.
MS Word мәтіндік редакторында кесте құру үшін орындалатын әрекеттер
Кесте дегеніміз не?
Ұяшық неден құрылады?
Қалай баған қосуға болады?
Ұяшықтарды қалай біріктіреміз?
Бағалау: Үй тапсырмасы сұраққа жауап берген оқушыға смайлик беру арқылы бағаланады
Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі. (форматталған және форматталмаған кесте) Оқушылар өз ойларын айтады, сабақтың тақырыбын және мақсатын айқындайды
тақта,слайд
Сабақтың ортасы
10-15
16-20
21-35
Жаңа сабақты түсіндіру
SIN электрондық оқулығынан видео көрсетіледі
Тапсырма орындалады.
Сынып оқушылары шағын 5 топқа бөлінеді. «Ойлан, біріктір, бөліс» тәсілін пайдалану арқылы бес топқа кағаз қиындылар таратылады.Ол қиындаларда Excel электронды кестесінің
Сан(число) ұяшықтар деректерінің пішімін өзгерту
Әшекейлер (заливки) ұяшықтардың бояуларын өзгерту элементтері берілген.
Оқушылар шағын топтармен өз компьютерлерінде стандарттық панельден жылдам орындауын табады да, интерактивті тақтада қалған оқушыларға көрсетеді. Тапсырма топтағы оқушылардың белсенділігіне байланысты смайликтер жабыстыру арқылы бағаланады.
Жұмыс алаңындағы А1 ұяшықты тінтуірдың сол жақ батырмасымен шертеміз. Сол жақ батырманы ұстап оң жаққа жылжыту арқылы В1,С1 және Д1 ұяшықтарды қоса ерекшелейміз.
Сол жақ батырманы жібермей төмен қарай 10 қатарға дейін төмен түсу арқылы 4 бағанмен 10 қатардағы орналасқан 40 ұяшықты ерекшелеп аламыз
Ерекшеленіп тұрған ұяшықтардың үстінен тінтуірдің оң батырмасын шертіп,Формат—Ячейки сұхбат терезесін ашып,кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып,келесі кестенің пішімін жасаймыз. Ол үшін:
Формат –ячейки терезесінде орналасқан «Число» бөлімін таңдап, А2:А10 ұшықтарының арасына 0,00 форматындағы сандық форматқа өткіземіз
В2:А10 ұяшықтарының арасын ¾ түріндегі «бөлшек» форматқа өткіземіз