Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
1. Суретке қарап, техниканың қалай дамығанын талқылайды.
2. Суретке мұқият қарайды. Ғаламтор ресурстарын немесе дербес гаджетіңді пайдаланып, осы өнертабыстар туралы ақпарат табады. Осы өнертабыстардың адам өміріндегі маңызы туралы талқылайды.
Дескриптор: Жалпы-3 балл:
- Тапсырмаларды талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Суретте берілген заттарды өзара бір-бірімен салыстырады. Олардың айырмашылықтары қандай? Топта талқылайды. Бұл өнертабыстардың пайдасы қандай? Өздері бір пайдалы өнертабыс ойлап, жоба түрінде ресімдейді.
|