Сабақтың тақырыбы: Элементар бөлшектер. Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі190,86 Kb.
#27800
түріСабақ
  1   2
2.Күні________айы_________ нешінші сабақ__________сынып__________


  1. Сабақтың тақырыбы: Элементар бөлшектер. Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер.

  2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Элементар бөлшектерді еске түсіре отырып, ғарыштық сәулелердің қалыптасуын түсіндіру. Ядролық күш ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың элементар бөлшектер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың жабдықталуы:

а) көрнекілігі: плакат, сурет.

б) әдебиет: Физика 11-сынып

IV. Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру (1-2)

3. Жаңа сабақ (15-20)

4. Жаңа сабақты бекіту (3-5)

5. Берілген суретпен жұмыс (3-5)

2. Үй тапсырмасын сұрау (7-8)

6. Үй тапсырмасын беру (1-2)

5. Білімдерін бағалау, сабақты қорыту (2-3)


1. Ұйымдастыру: Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. Кітап, дәптер, қаламдарыңды дайындаңдар. Бүгін кім кезекші? Кім жоқ?

2.Жаңа сабақ.

Біз бүгін жаңа тарау бастаймыз. Жаңа тарау «элементар бөлшектер» деп аталады. Біз қандай элементар бөлшектерді білуші едік? Алдыда біз осы және басқа тбөлшектер туралы толық қарастыратын боламыз. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі тақырыпты жазайық: «Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер».



Ғарыштық сәулелер деп Жер атмосферасы мен бетіне Әлемнің барлық бөліктерінен келіп түсетін және олардың әсерінен Жер атмосферасында түзілетін зарядты және зарядсыз субатомдық (атомды құрайтын) бөлшектер ағынын айтады. Олардың біріншісін- Жерге Әлемнің барлық бөлігінен келетін нұрларды бірінші реттік, ал екіншілерін – Жер атмосферасында түзілетіндерін екінші реттік ғарыштық сәулелер дейді. Екінші ретті бөлшектер құрамына барлық белгілі элементар бөлшектер кіреді.

Мына суретте Жерге жақын, бірақ атмосферадан тыс ғарыштық сәулелердің бірінші ретті компанент құрамы көрсетілген. Тсуреттен бірінші ретті сәулелердің құрамына 90 пайыз протондар,-бөлшектер (7 пайыз) және басқа атом ядролары, тіпті ауыр ядроларға дейін кіретіні көрініп тұр.

Бөлшектердің басқа бөлшектермен немесе атом ядроларымен соқтығысуы нәтижесінде бұрын белгісіз жаңа элементар бөлшектер пайда болады. Бірінші рет 1927 жылы ағылшын физигі П.дирак бірінші антибөлшек – позитронның болуы туралы болжам айтқан. 1932 жылы американ физигі Карл Дейвид Андерсон -квант ауыр ядролармен әрекеттескенде позитрон пакйда болатыны және оның үнемі электронмен қатар пайда болатынын анықтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет