Сабақ жоспары
Мектеп: _________________________________________________________________
Жоспардың тарауы:
Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Атом құрылысы.
Күні: 24.09.18ж.-29.09.18ж. Мұғалімнің аты-жөні:
___________________________________
Сынып: 10 Қатысқандар:
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері
|
Оқу мақсаты
|
Бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатынын түсіну
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатынын түсінеді.Периодтық жүйеде үлкен және кіші периодтар, 8 топ бар екендігін және ол негізгі, қосымша топшалардан құралатынын біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бір топтағы элементтердің период саны артқан сайын бейметалдық қасиеттері әлсіреп, біртіндеп металдық қасиеттердің артатынын пайымдайды
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Бір топтағы элементтердің период саны артқан сайын бейметалдық қасиеттері әлсіреп, біртіндеп металдық қасиеттері артатынын пайымдап, оны сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатындығымен түсіндіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатынын анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болатынын ауызша айтып береді.
Пәндік лексика мен терминология:
Периодтық заң, кіші және үлкен период, топ: негізгі және қосымша топша, лантаноидтар, актиноидтар.
Диалогқа тарту:
Неліктен бір топта орналасқан элементтердің қасиеттері ұқсас болады?
Периодтың басында металдар орналаса ма, әлде бейметалдар орналаса ма?
Салғырт газдардың қосылыстарын табиғаттан кездестіруге болады ма?
|
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауға, топтық жұмыс орындау арқылы мәдениетті қарым-қатынас жасауға, жеке жұмыс орындату арқылы жауапкершілікке баулу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Физика, құрылымдық бөлшектер: электрон, протон, нейтрон
|
Алдыңғы білім
|
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін,еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып тұрады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?»- сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу.Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.
Әр топта 4 оқушы болатындай 4 топқа топтастыру.
Мақсаты: шағын топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Сілтілік металдар тобына – қызыл, сілтілік жер металдары тобына – сары, галогендер тобына – көк, инертті газдар тобына– жасыл түсті стикер алған оқушылар топтасады.
|
Стикерлер
|
Сабақтың ортасы
10минут
5 минут
|
Алдыңғы білім мен жаңа білімді байланыстыру.
(лезде жауап беру керек, оқушылардан тез ойлануды талап ететін тапсырма)
«Иә» және «жоқ» ойыны
Мақсаты: жылдам ойлануға және нақты жауап беруге дағдыландыру
1-топ. Сілтілік металдар
Литий атомында 17 элекроны бар.
Натрий атомында 4 энергетикалық деңгей бар.
Калий атомында 20 нейтроны болады.
2-топ. Сілтілік жер металдары
Магний тұрақты II валенттікті көрсетеді.
2-ші энергетикалық деңгейге 18 электрон сияды.
Кальций – 3период, 2 топ, негізгі топша элементі.
3-топ. Галогендер
Галогендер – улы заттар.
Фтор тұрақты I валенттікті көрсетеді.
Хлор атомында 7 электроны бар.
4-топ. Инертті газдар
Неон атомының реттік номері 10-ға тең.
Ксенон атомының сыртқы энергетикалық деңгейінде 18 электроны бар.
Инертті газдардың қосылыстары табиғатта көптеп кездеседі..
Әр топ келесі топты тексеріп, олардың алған смайликтері плакатқа жапсырылып отырады.
Сұрақ: Элемент атомының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны оның қасиетіне әсер ете ме?
Білу және түсіну: Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Әткеншек» әдісі
Әрбір топ өз топтары туралы қандай ақпарат білетіндері туралы плакатқа жазады. Әр топ өздерінің тобына сай келетін түсті маркермен жазады. Тақырыпқа алдын-ала дайындалып, қосымша мәлімет іздеп келуіне болады. Біраз уақыт өткен соң оқушылар басқа сұрағы бар плакатқа көшеді. Олар алдыңғы топтың жауабын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер келіссе, құстұмсық қояды. Келіспесе өз ойларын жазады.
1. Бүгін Сіз не білдіңіз?
2. Бүгін Сіз үшін не ең пайдалы болды?
3. Сіз нені басқаша жасар едіңіз?
|
Плакат,
смайликтер
Плакаттар, маркерлер, оқулық
|
3 минут
10 минут
|
Талдау. Жеке жұмыс.
Әр оқушыға бір элемент атомының моделін жасау беріледі.
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
H,Li,Na,К Be,Mg,Ca,Sr F,Cl,Br,I He,Ne,Ar,Kr
Оқушыларға түрлі-түсті ермексаз және энергетикалық деңгейлер сызылған қағаздар таратылып беріледі. Әр оқушы бір элементті таңдап алады. Оқушы берілген элемент атомының планетарлық моделін жасау керек.
Дескрипторлар:
1-ші энергетикалық деңгейдегі электрондар саны
2-ші энергетикалық деңгейдегі электрондар саны
3-ші энергетикалық деңгейдегі электрондар саны
4-ші энергетикалық деңгейдегі электрондар саны
5 *. Осы топ элементтерінің атом құрылысында қандай ұқсастық бар?
Көрші отырған екі оқушы бірін-бірі өзара бағалайды.
Топтық жұмыс.
|
Ермексаз,
кеспе
қағаздар,
маркерлер, оқулық
Қалыптас-
тырушы
бағалауға
арналған тапсырмалар жинағы Химия 8 сынып (жоба)
|
Сабақтың соңы
5мин
Кері байланыс
2мин
|
«Жетістік» баспалдағы»
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Жеке жұмыс.
Әр оқушыға бір элемент атомының моделін жасау беріледі.
1-топ 2-топ H,Li,Na,К Be,Mg,Ca,Sr
3-топ 4-топ
F,Cl,Br,I He,Ne,Ar,Kr
Оқушыларға түрлі-түсті ермексаз таратылып беріледі. Берілген элемент атомының планетарлық моделін жасау керек.
|
Смайликтер көмегімен бағалау.
Алдыңғы топтың жазбаған ойларын жеткізу үшін мынадай сұрақтарға жауап жазу.
1. Бүгін Сіз не білдіңіз?
2. Бүгін Сіз үшін не ең пайдалы болды?
3. Сіз нені басқаша жасар едіңіз?
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сыныпта оқушыларға қолайлы жағдай жасау.
Сынып бөлмесінің таза болуы.
Сергіту сәтіндегі қимыл-қозғалыс.
Мұғалімнің оқушыны қолдауы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |