Бағалау критерийлері
|
Оқушылардың барлығы: мәтін үзінділерін түсінеді, оқиғаның дамуын болжайды, сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаны дамытады, етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ түрлерін ажыратады.
Оқушылардың кейбірі: мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды, өмірмен байланыстырады, етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ түрлерін тілдесім барысында қолданады.
|
Сабақтың басы
3 минут
Сабақтың ортасы
7 минут
15 минут
10 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу. Сынып оқушылары 1,2,3,4-ке санау арқылы 4 топқа бөлінеді.
Топ атауларына байланысты сабақ тақырыбын болжайды. Тапсырмалар бойынша дескрипторлармен танысып, бағалау тәртібі түсіндіріледі.
Тапсырма №
|
Дескрипторлар
|
балл
|
1
|
Сұраққа нақты, толық жауап береді
|
2
|
2
|
Әңгімені дамытады
Әңгімені аяқтайды
|
2
2
|
3
|
Етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ түрлерін дұрыс ажыратады
|
2
|
Барлығы
|
|
8
|
1-тапсырма. «Ашық микрофон».Төмендегі сұрақтар арқылы адамдардың әлеуметтік желі, ғаламтор туралы пікірлерін болжаңыз.
-Жұрт әлеуметтік желілерде не үшін отырады?
-Оған қандай қажеттілік не болмаса мұқтаждық бар?
-Баласының ғаламторда отырғанын көріп жүрген ата-ананың пікірі қандай деп ойлайсыңдар?
-Ғаламторсыз өмір сүру мүмкін бе?
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, әңгімені аяқтаңыз, өз нұсқаңызды түпнұсқамен салыстырыңыз.
Белгілі болғандай, адамның көңіл күйін түсіретін, депрессияға ұрындыратын әлеуметтік желілер бар екен...
Қалай ойлайсыз, ол қандай желілер?
Бұл туралы неміс ғалымдары нақты дәлелдер келтірген. Сонымен, адамды күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін бастап тұрған фото алмасу және видео алмасу қызметін тегін ұсынатын «Инстаграмм» желісі болып шықты. Мұндай пікірді Берлиндегі Гумбольд университетінің мамандары айтқан.
Олар «Фейсбук» желісіне қарағанда «Инстаграмм» желісі адам миына артық салмақ салады дейді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл желіде адамдар өздері тани бермейтін мыңдаған адамның шетелдік жағажайлардағы, демалыс орындарындағы немесе қымбат бутиктер мен мейрамханаларда түскен суреттерін көреді. Ал бұған шамасы жетпейтін, көрпесіне қарай көсілетін, ондай жерлерге бара алмайтындар әлдекімнің суретіне қарайды. Бұдан кейін ол өзінің көптеп «лайк» жинай алмайтын суреттеріне қарап,өзінің өміріне көңілі толмай мұңаяды. Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, қызғаныш пен жалғыздық сезімін туғызатын көрінеді......
Әңгімені аяқтаңыз.
«Сіздер адамның бақытын анық және анық емес факторлар арқылы өлшейсіздер, өзгелердің сәттілікке қол жеткізгенін оның профиліндегі суреттерімен өлшейсіздер»,- дейді Гумбольд университетінің маманы Ханна Краснова американдық «Siate» басылымына берген сұхбатында.
Адам жадында Фейсбуктегі жазбадан гөрі суреттер көп уақытқа сақталып, қатты әсер ете алады. Естеріңізге сала кетейік, Фесбук әлеуметтік желісі бұған дейін депрессияға ұрындыратын бірден-бір сайт болып есептеліп келген, оның үстіне бұл ғылыми дәлелденген екен.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктің есімше,көсемше,тұйық етістік,шақ түрлерін ажыратыңыз.1,2, соңғы абзацтар (әр топқа бөлініп беріледі) (106-бет, 4-тапсырма)
4-тапсырма. «Бір минуттық әңгіме».
Берілген суреттер бойынша ойларын айтады.
Кері байланыс «3-2-1»
Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;
Сабақта қиындық келтірген 2 мәселе;
Сабақта ұнаған 1 аспекті.
Үйге тапсырма: әр топ өзінің топ атауына байланысты әлеуметтік желісіндегі қазақша жазылған мәтінге талдау жасайды, қандай қателер кездесті? Не себепті?
|
http://kitap.kz/reader/bota_komputer
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?
1. «Бір минуттық әңгіме» тапсырмасы
2. Әңгімені аяқтау тапсырмасы
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?
1. Оқушылардың жеке мүмкіндігін көрсету тапсырмасын беру
2. АКТ пайдалану
Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар туралы нені білдім?
Оқушыларды әлеуметтік желілердің зиянынан сақтандыратын мәліметтермен көбірек таныстыру
|