Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев үйрену. Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі234,91 Kb.
#7155
түріСабақ
МУЗЫКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз.

«Менің Отаным». Ө. Байділдаев - үйрену.



Сабақтың мақсаты: Баланы қүдіретті музыка әлеміне жетелеп, му­зыка тыңдауға, ән айтуға баулу. Сабаққа деген қызығушылығын тудыру. Музыкалық іс-әрекет арқылы сезімін (эмоциясын) ояту.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыка тыңдау, ән айту ережелерін үйрету.

  2. Өз ойын еркін жеткізе сөйлей білуге үйрету. Есту, есте сақтау кабілеттерін дамыту.

  3. Отанды сүюге, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ Қүрманғазы Сағырбаев күйінің әуенімен басталады. Мұгалім алғашқы музыка сабағын күй атасы Құрманғазының асқақ, шабытты, шат көңілді күйімен бастап, жақсы тілектер айтып, балалармен жақсы байла- ныс орнатып, психологиялык дайындық жасағаны жөн.



Музыка тыңдау: Ән сабағы. Музыкасын жазған К. Қуатбаев.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы,

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

Шәрипа Шара болып би билесе,

Күлипа Күләш болып ән салады.

Бәріміз бұл сабакта тамашамыз,

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Апайға ән үйреткен ырза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

- Біз бүгінгі музыка сабағында таңғажайып музыка әлеміне саяхатымызды бастаймыз, - деп, оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру, олардың міндетін түсіндіру.

Окулықтың алғашқы беттеріндегі ән айтып, би билеп, домбыра тартып түрған, музыка сабағында отырған балалар сурегтерінің өзі-ак оқушылар- ды музыка әлеміне жетелейді. Сондықтан әдемі әстетикалық талғаммен жасалған көрнекі күралдарды, мүмкіндік болса, аспаптың өзін көрсетсе үтымды болар еді және сол аспап орындауында музыкалық шығарма гыңдатылса, баланың музыка тындауға қызығушылығы оянады. Алғашқы сабақтан бастап-ақ музыканы зейін қойып тыңдай білуге үйреткен жөн.

Музыка тыңдағанды, ән айтқанды ұнатасың ба?

Музыка деген не? - деген ой қозғау, ізденіс тудыратын әдіспен, орыидалған күй мен оқулыктағы түрлі түсті суреттерге сүйене отырып, балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс:

Сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырылады:



  1. Біздің Отанымыз қалай аталады?

  2. Қазақстанның табиғаты қандай?

  3. Саған туған жеріңнің табиғаты несімен ұнайды?

  4. Суреттен кімді көріп тұрсың, оның қолында қандай аспап бар?

«Оқы немесе оқып бер» бөліміндегі мәтін оқылады.

Сергіту сәті:

Биле-биле, балакан,

Домбыраның күйіне.

Қане, биле, балақан,

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бүралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

Өлең мазмүнына карай қимыл-қозғалыстар жасау.

«Ақыл калта» бөлімі оқылып, мазмүны ашылады.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, гыпысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. v )іі айту кезінде баланың негізгі музыкалык қабілеттері - әмоциялық лсерленгіштігі, есту, есте сақтау қабілеті, ырғакты сезінуі дамиды.

Алғашкы сабақтан бастап, оқушыларға ән айту ережелері түсіндіріледі. Әнді мәнерлі, әуенді, жеңіл дауыспен айта білуге, ән айтудың алдында және музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей, демді ішке ала білу және оны сөздерді айтып болғанша үстауға, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс, сөздерді анык айтуға дағдыландыру керек.



Дауыс жаттыгуын әннің «Отан - менің ата-анам, Отан - досым, бауырым» дейтін 1-фразасына жасату арқылы, әннің сөзін жаттату коса жүргізіледі. Секірмелі дыбыстарды таза орындауға, дикцияның анық ай- тылуы мен дауысты дыбыстарды дөңгелете айтуға жаттықтыру.

Ән үйрену: Ө. Байділдаевтың «Менің Отаным» әні - көңілді, шат сезіммен, асқақтата, орташа екпінде орындалады.

  • Әннің мазмұны не туралы?

  • Әуені саған ұнады ма?

Шығармашылық жұмыс:

  • «Отан» сөзінің мағынасын әңгімеле.

  • Өзіңнің ауылың, ата-анаң, достарың сен үшін не болып саналады? «Менің Отаным» такырыбына сурет салу.

Қорыту: «Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады. Сыныптағы ән айта алатын балалар өз өнерлерін ортаға салады.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мектеп - алтын бесік.

«Қоңырау». К. Қуатбаев - үйрену.

«Домбыра». Ә. Еспаев - тыңдау.

Музыка сауаты: ән, әуен, ырғақ. Музыка тыңдау, ән айту ережелері.



Сабақтың мақсаты: Музыка, ән, әуен, ырғақ туралы сауатын ашу.

Сабақтың міндеті:

  1. Ән айтуға, музыка тыңдауға үйрету. Хормен ән айтуға дағдыландыру. Музыка тыңдау, ән айту дағдыларын дамыту.

  2. Білімге, оқуға қызығушылығын арттыру, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ мектеп туралы әдемі ән тыңдаудан басталады (мұғалімнің қалауы бойынша).



  • Ән қалай орындалды?

  • Әннің әуені қандай?

-Ән әуенінен қандай әсер алдың?-деген сияқты ой қозғаушы сүрақтар қойылып, әннің сипаты ашылады.
Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыры- лып, берілген мәтін оқылады.



  1. Мектепке оқушы неге келеді?

  2. Қандай көңіл күймен келдіңдер?

  3. Қандай оқу қүралдарың бар?

  4. Мектепте сендерді кім карсы алды?Жаздай жақсы тынықтық,

Күнге күйдік, шынықтык.

Талай жерді аралап,

Табиғаттан сыр үқтық.

Сабақ енді басталды,

Мектебіміз қарсы алды,

Қоңыраудың дауысы Күмбірлетті аспанды.

Жүмбақ

Сағат сайын соғылады,

Тек мектептен табылады.

(Қоңырау)

Ән үйрену: К. Қуатбаевтың «Қоңырау» әні барша баланың өмірінде (юлатын ец маңызды шағы туралы жырлайды. Ән көңілді, сергек, жылдам окпіпдс орындалады.

Дауыс жаттыгуын әннің алғашқы фразасына жасатып, дыбыс Оиіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындалуына назар аударылады. Сыңғыр-сыңғыр коңырау,

Сыңғырлаған көңіл-ау.

Музыка деген не?

Тыңдаған ән, күй, орындаған әндерден біз әуен, музыка естиміз. Әр музыкалық шығарманың тақырыбы мен мазмүнына байланысты әуені, ырғағы болады. Домбыра, рояль, кобыз, асатаяқты, т.б. ойнағанда әуен естиміз. Әр аспаптың өзіне тән, бір-біріне ұқсамайтын дыбыс бояуы, үні, луепібар.

Сергіту сәті. Тыныстайык тереңнен

Жүгірдің де қарғыдың,

Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.

Қане, «Ү-п!»-деп айтайық,

Демді ішке тартайық,

Енді «Ү-п!» - деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

Босаңсытып денеңді,

Бейжай күйге ен енді,

Басты көтер, тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Музыка тыңдау.

Ә. Еспаевтың «Домбыра» әні жайдары, көңілді, сергек орындалады. Домбыра - әр казак отбасында табылатын музыкалық аспап. Домбы- раны білмейтін казак баласы жок. Өткен сабақта тыңдалған Құрманғазы күйлерін еске түсіріп, үзінді тыңдату аркылы баланың есте сақтау қабілеті арттырылады.



Қорыту:

  1. Қандай ән үйрендік?

  2. Қандай аспаптармен таныстық?

  3. Әуен деген не?


3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар елінде. Шулы дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Шулы дыбыстар жөніндегі түсініктерін кеңейту. Ән айтуға кызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Музыкалық және шулы дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

  2. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әншілік тынысты жетілдіру.

  3. Әсемдікке, сүлулыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің калауы бойынша әдемі күй тыңдалады. Өткен сабакта үйренген әндер қайталанады.

- Енді бір сәт тынышталып, қүлақ түрелікші, коршаған ортада тағы да қандай дыбыстар естіледі екен? (Балалар пікірлері тыңдалады.)

Машинаның даусы, кітап парағын ашқанда, балға ұрғанда, жаңбыр жауғанда, күн күркірегенде, құстар сайрағанда шығатын дыбыс, желдің уілі, жапырақтың сыбдыры, судың сылдыры, малдың мөңірегені, ма- ңырағаны, т.б.

Шулы дыбыстарға табиғатта, коршаған ортада болып жатқан дыбыстар тобын жатқызамыз. Шулы дыбыстарда әуен болмайды.

Оқулықпен жұмыс: Шулы дыбыстар туралы мәтін оқылады.Түрлі сурегтер бойынша әңгіме ұйымдастырылып, шулы дыбыстар туралы түсінктері кеңейтіледі.

Жұмбақ шешу арқылы баланың ойлау қабілеті дамытылып, шулы дыбыстар туралы түсініктері қалыптастырылады.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлыгаиі)

Орманда жоғары Ағашка қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-ток соғады. (Тоқылдақ)

Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға Жүмыртқа саламын. (Көкек)

Қанаты жок, үшады,

Аяғы жоқ, қашады. (Жел)

Еш тесікте түрмайды,

Ол жокта жер құрғайды. (Су)

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон-алап,

Терледі, керілді. (Жаңбыр)

Сергіту сәті: «Нөсер».


  1. Қолды барынша жоғары көтеріп, «У-у-у-», - деп желдің дыбысын шығару.

  2. Жел бірте-бірте күшейіп, дауыс қаттырақ шығады, денені козғалысқа келтіру.

  3. Қолды төмен түсіріп, тырнақпен партаны тықылдатып, жаңбырдың дыбысын шығару.

  4. Аяқпен еденді тарсылдатып соғу аркылы нөсерді келтіру.

Ойын түрінде шулы дыбыстар туралы білімдері пысықталады. «Қайсысы қалай дауыстайды?» ойыны.

Әтеш шақырады - ку-ка-ре-ку.

Бақа бақылдайды - бақ-бақ-бақ.

Шыбын ызылдайды - ыззз, ызз.

Қой маңырайды - мә-ә - мә-ә.

Сиыр мөңірейді - мө-ө - мө-ө.

Мысық мияулайды - мияу-мияу.

Арыстан ырылдайды - ыррр.



  • Мұның бәрі кандай дыбыстар?

Шығармашылық жұмыс:

  • Шулы дыбысты неден естідің? Музыкалық дыбысты неден естідің? Түрлі түсті бояумен бейнелеп беріңдер.

Қорыту:

Балалардың салған суреттерін тақтаның алдында түрған екі қорапшаға салуын сүраймыз. Оның біреуінде домбыра суреті салынған - музыкалық дыбыс, екіншісінде кошақан суреті салынған - шулы дыбыс. Қателескен окушының катесі түзетіліп, тақырып корытылады.

Мысалы:

Домбыра - музыкалық дыбыс.



Машина - шулы дыбыс.

Иттің суреті - шулы дыбыс.

Қүстың суреті - шулы дыбыс.

5 сынып

Мерзімі: Сыныбы:



Тоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы.

Сабақтың мақсаты: Саз өнері туралы әңгімелеу,

тұрмыс-салт,әдеп ғұрып жырларын

баланың бойына сіңіру.

Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау , талдау,

насихаттау.



Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,

музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,

есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы

ықпал ету, мәдениетін көтеру ,

ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.



Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.

Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып

«Атамұра» бағдарламасы бойынша.



Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж..Еңсепов ,Ж.Сәрсембенов



Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық музыкасы.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың халық музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Кішкентай» күйі

5

Әндету

8 минут

«Елім - ай »әні .

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Өзімдік жұмыс.(реферат)

7

Музыкалық ойындар

7 минут

Әуенді тыңда !

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Халық әні «Елім – ай».

Иә, саламатсыңдарма балалар! Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Қазақтың халық музыкасы».

Өнер – халық тарихының шежіресі.Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.

Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар барлығы да ән – күй аясында өтеді.

Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл – Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет – тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.

Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса

жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.

Музыкалық шығарма тыңдау:

Құрманғазының күйі « К і ш к е н та й »

Құрманғазының бірінші тырнақалды күйлерінің бірі – «Кішкентай» отызыншы жылдардың аяқ кезінде

шығады. Құрманғазы бұл күйді «кішкене інісінің үлкен ағасы - Исатайға арнауы» депті.

Сондықтан күй «Кішкентай» атанып кетсе керек.

Дауыс ашу жаттығуларын орындау.

* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты

алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.

Әндету:

Елім – ай.

1. Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім – ай, елім – ай!

2. Қарындастан айырылған жаман екен ,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді ,

Елім – ай , елім – ай!

3.Мына заман қай заман? Қысқан заман .

Басымыздан бақ – даулет ұшқан заман .

Елім – ай, елім- ай.

4. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман .

Еліма – ай , елім – ай.

5. Бауырынан айырылған жаман екен ,

Күн бар ма екен көрісер есен – аман!

Елім – ай , елім –ай !

Қорытындылау:

* Тарихи оқиғаларға арналған ән – күйлерді ата.

* Аңызға құрылған қандай ән – күйлерді білесің?

* Халықтың тұрмыс – тіршілігіне , салт – дәстүріне

байланысты шыққан ән – күйлерді есіңе түсір.

Үйге тапсырма:

Халық әні «Елім – ай » жаттау, әндету.

Халық музыкасы дегеніміз не?

Қандай халық күйшілерін білесің?

Қазақ халық аспаптарын ата.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -

Мерзімі: Ашық сабақ Сыныбы:



Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың ұлттық музыкалық

аспаптары .

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкасы туралы

әңгімелеу, аспаптар үнің таныту,

олардың шығу тарихын білуге,

насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққа

жеткізу, баланың бойына сіңіру.

Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау ,

талдау, насихаттау.



Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,

музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,

есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылы

ықыласын көтеруге ықпал ету, сахна

мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ., аралас сабақ.

Көрнекілігі: Аудио, видео, DVD, магнитафон таспалары,

ән тексті, суреттемелер, карточкалар.



Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.

Пайдаланған әдебиеттер: Музыка оқулығы 5 сынып

«Атамұра» бағдарламасы бойынша.



Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж..Еңсепов ,Ж.Сәрсембенов



Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.


2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

(картачкамен жұмыс)




3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың халық музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Көрұғлы» Дәулеткерейдің күйі


5

Әндету

8 минут

«Домбырасыз сән

қайда » әні И.Нүсіпбаев.




6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сөзжұмбақты шешу.

7

Музыкалық ойындар

7 минут2

Викториналық тест

(Аспаптар үні.)




8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық музыкасы».


9

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,- «3»- .


10

Үйге тапсырма

2 минут

27-31 бет оқу,әңгімелеу.


-Саламатсыңдарма балалар !

-Мінекей біздің бүгінгі сабағымыз үлкен мерекеге ұласуда.

-Сабағымызға келген қонақтарды қарсы алайық.

Сәлемдесу (оқушылар орнынын тұрып сахна мәдениетің сақтап сәлемдеседі)

-Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа тақырыбымызды жазамыз.



«Қазақтың халық музыкасы»

«Екі ішектің бірің қатты , бірін сәл- сәл кем бұра.

Қазақ нағыз қазақ емес ,

Нағыз қазақ домбыра.» - деп ақын Қыдыр Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз балалар өткен сабақта «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты тақырыбымен танысқан болатынбыз.

(Карточка таратамыз, аспаптың суреттерімен безендірілген)

- Қанекей қандай қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , үскірік , ұран т.б)



-Аңыз бойынша домбыры аспабы қалай пайда болған?

«Қос ішек» күйінің аңызын балалар кім айтады? ( Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын , қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы – маралды аулап , кәсіп етсе керек.. Бірде жолы болып , теңбіл марал атып аладыда етекке түсіру үшін ішек қарнын ақтарып алып тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса , құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі.Ішектерді қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек , қарағайдың бұтағына қос тін

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет