Сабақтың тақырыбы: Ән сабағында Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ



Дата18.06.2017
өлшемі36,24 Kb.
#19247
түріСабақ

Сабақ:

қазақ тілі




Сабақтың тақырыбы: Ән сабағында

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың технологиясы: модульдік технология.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, суретпен жұмыс, түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға ән сабағы  туралы ақпарат беру. Септік жалғаулары бойынша алған білімдерін қайталау.




дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.




тәрбиелік: Өнерге деген құштарлығын ояту. Әсемдікке,  әдемілікке баулу.

Сабақтың құралдары: тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңдері




1.

Ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдерме, балалар!

Психологиялық дайындық. 

Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр «Қош келдіңіздер!» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал сендер бір-біріңе не тілейсіңдер?

Сәуірдің нешесі?

Қазір қандай сабақ?

Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?



2.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ - жауап арқылы.

3.


Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі


Топ басшыларына бақылау парағын таратып беремін. Өз топтарыңды бағалай отырыңдар. 
- Қанеки, балалар мына суретке назар аударамыз.

-Ал, суретте не көріп тұрсыңдар?

-Иә, дұрыс бұл домбыра.

-Мынау не?

-Бұл, не?

-Иә, дұрыс бұл пианино.

-Осы домбыра, пианино, қобыз, аккардион. Осылардың бәрі аспапқа жатады.

-Аспап қай кай кабинетте болады?

-Иә, дұрыс музыка кабинетінде болады. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы "Ән сабағында".





Сөздік жұмысы:

Мәтінмен жұмыс

-хормен айтады;

-сөз тіркестер құрастырады

ән-песня

үйретеді – учит

домбыра тартады – играет на домбре

гитара шертіп тұр – играет на гитаре

үйірме - кружок

аспап-инструмент

әуен -мелодия

Бүгін бесінші сабақ - ән сабағы. Ән сабағы қызық. Мұғалім бізге ноталарды үйретеді. Ол пианинода жақсы ойнайды. Марат домбыра үйірмесіне барады. Айгүл қобызды жақсы тартады. Мен хорға қатысамын. Ән сабағын біз жақсы көреміз.

-мәтінді мәнерлеп оқу;
-мәтінді аудару





Топтарға тапсырма

Жазбаша жұмыс



3-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңдар, аударыңдар, берілген сөздердің жалғауларын үлгі бойынша өзгертіңдер.
1 топ: ән үйрену (өткен шақ)

2 топ: ән бастау (осы шақ)





Суретпен жұмыс.


Екі қатарға тапсырма беріледі.

Сурет бойынша әңгіме құра.






Топтарға тапсырма

Жазбаша жұмыс


Үлгі бойынша жаз.

Бүгін, бес, біз,есеп, тақта, домбыра, сызғыш, жақсы, пән, ұнайды, сабақ, парта, дәптер, терезе, оқы, қалам, есік, өшіргіш, күнделік.



Үлгі:

Жуан буынды сөздер: Жіңішке буынды сөздер:

Тақта Бүгін



4.

ІY. Сабақты бекіту.

"Ән әуеннің тап" ойынмен бекіту.

6.

Ү. Қорытындылау.

Рефлексия.

Сабақта не істедік, не білдік?

-Біз бүгін не туралы айттық?



Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады? Өз ойларыңды стикерлерге жазып, ноталарға іліңдер. Сәттілік тілеймін

7.

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттау.

8.

ҮІІ. Бағалау.

Критерий бойынша бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет