Сабақтың тақырыбы
|
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
|
Сілтеме
(дереккөздері)
|
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
9 сынып физикасы, «Мектеп», 2013ж. Р.Башарұлы,
Д. Қазақбаева, У.Тоқбергенова.
|
Мақсаты
|
Энергия, энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы туралы білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгендерін ғылыми тілде жеткізе білуге баулу.
|
Міндеттері
1.Білімділік
2.Дамытушылық
3.Тәрбиелік
|
1. Энергия, энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы туралы білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгендерін ғылыми тілде жеткізе білуге баулу;
2.Өз бетінше жұмыс істеу, есептеу дағдыларын жетілдіру; ойлау қабілетін дамыту; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
3.Топтық жұмыс жасауға бейімдеу; шапшаңдыққа, жауапкершілікке баулу; өзін-өзі реттеуді үйрету.
|
Түйінді идеялар
|
Механикалық энергия –дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілеті. Өлшем бірлігі – Джоуль. Түрлері: кинетикалық және потенциалдық энергия.
|
Оқыту нәтижелері
|
Механикалық энергия, оның түрлері туралы түсінік алу, формулаларын есептер шығаруда пайдалану.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
9 сынып физика оқулығы («Мектеп», 2013ж. Р.Башарұлы,
Д. Қазақбаева, У.Тоқбергенова.), интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті үлестірме қағаздар, стикерлер, смайликтердің суреттері салынған плакат.
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері
|
АКТ, жіңішке, жалпақ сұрақтар, топтық жұмыс, жеке жұмыс, топтастыру, бағалау
|
Сабақта орындала
тын
жұмыстар
|
Уақы
ты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Психология
лық ахуал туғызу
|
3 мин
|
Сәлемдеседі, сынып оқушыларының көңіл-күйін сұрайды, дайындығын тексереді, түгендейді, слайд арқылы тақпақ көрсетеді, жақсы тілек тілейді. Үлестірме қағаздар арқылы топқа бөледі.
|
Сәлемдеседі. Топ басшылары өз тобынан кімнің сабаққа келмей қалғанын айтады. Барлығы бірге тақпақ оқиды(№1 қосымша), бір-екі оқушы өз тілегін білдіреді. Үлестірме қағаздардың түсіне қарай топқа бөлінеді.
|
Үй жұмысын талдау
|
5 мин
|
№18 жаттығу(3).
Бір оқушыны тақтаға шығарады.Слайд арқылы дайын жауап көрсетеді, талдау жасайды.
|
Бір оқушы үй жұмысын тақтада орындайды. Слайдтағы шешім бойынша оқушылар қателіктерін анықтайды, түзетеді.
|
Жіңішке сұрақтар
|
7 мин
|
Өткен тақырыптар бойынша жіңішке сұрақтар ұсынады(слайд).
№2 қосымша.
|
Әр топтан оқушылар жауап береді.
|
Мақсат қою
|
3 мин
|
Сабақтың тақырыбын табуға арналған тапсырма ұсынады. №3 қосымша.
Мақсатын слайд арқылы көрсетеді.
|
Түсіп қалған әріптерді таба отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды. Сабақтың мақсатын толықтырады.
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
10 мин
|
Слайдта тірек-сызбаларды көрсете отырып, жаңа тақырыпты сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді. №4 қосымша.
|
Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты үйренеді.
|
Тапсырмалар
|
12 мин
|
Тақтаны үш бөлікке бөледі.Топтарға тапсырмалар ұсынады.
№19(1,2,3), №20(1,2,3).
|
Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды, топ мүшелері көмектесе алады.
|
Сергіту сәті
|
1 мин
|
Физика ғылымына байланысты қанатты сөздер ұсынып, авторын анықтауды сұрайды.
№5 қосымша.
|
Жеке оқушылар жауап береді.
|
Топтастыру
|
1 мин
|
Бүгін не үйрендік?(слайд )
|
Тақтаға ассосация жасайды.
|
Үйге тапсырма.
|
1 мин
|
|