Сабақтың тақырыбы: «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі арқылы қазақтың күміс көмей әншісі Әміре Қашаубаевты таныту. Кейіпкер бейнесін ашу, кейіпкердің ішкі сарайына, сезім сырларына терең бойлау.
Дамытушылық: жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету, түйінді ой айта білуге, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелілік: ұлттық салт – дәстүрімізді биік ұстауға, өнерді түсініп бағалай білуге тәрбиелеу, эстетикалық сезім тудыру, ішкі рухани тазалыққа үндеу, оқушылардың өнерге деген құштарлықтарын арттыру.
Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын жетілдіретін сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, талдау, сипаттау, өзара талқылау, ізденушілік
Пәнаралық байланыс: ән сабағы, география
Көрнекіліктер: тірек - сызбалар
Ұйымдастыру формасы: ұжымдық, жекелей
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру, сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау.
Авторы: Жүсіпбек Аймауытов
Тақырыбы: әншілік өнер
Идеясы: өнерді бағалау, әншілік шеберлікті терең түсіну.
Әдеби жанры: әңгіме
Кейіпкерлері: Әмірқан, Ақтамақ, өнерлі жастар
Әмірқан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?
Әлемді таң қалдырған қазақтың күміс көмей әншісі Әміре Қашаубаев туралы деректерді тыңдайық. (Ортаға оқушы шығып, мәліметті оқиды)
...Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.. – деп ұлы Абай айтқандай, «Жалғыз арша» әнін Жүсіпбек Елебековтің орындауында тыңдап көрейік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сахнада ән салған Әмірқан туралы, үй іші, тұрмысы, қонақжайлылығы, мәрттігі, адамгершілгі туралы баяндауларын негізге ала отырып, әнші Әмірқан бейнесін құрастыру.
Қарапайымдылығы: Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырады. Бұйығы, момақан жігіт
Адамға үйірсектігі: Әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт.
Әншінің орындаушылық шеберлігі: ұшатын құстай қымтанып, қомданып алады.
Өнерге сүйіспеншілігі: ән салса өзін – өзі ұмытады, әннің өзеніне төңкеріледі, дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады.
Қонақжайлылығы: - Менің құжырамды да бір көріңдер, - деп қайта – қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды.
Мәрттігі: ол «барды баламайды, жоқты санамайды», өзінің бірдемесін сұрасаң, бере салады.
Ұжымдық жұмыс
Кейіпкердің Тақырыбы
көңіл - күйі
құмарту достық
сүйсіну адамгершілік
шаттану өнер
«Әнші» әңгімесі
айт Мәди
күрес Балуан Шолақ
құдплық Иса
Ұлттық көрініс Тарихи негізі
Сабақты бекіту.
Оқушылар өз пікірін төмендегі сызбамен айтады.
Ән бойындағы әлеуметтік қызметке тоқталу
Әнге сипаттама
Маңыздылығы
Әннің тұрмыстағы мәні
Адам сезіміне әсері
Қорытынды
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма: «Ән – өмір айнасы» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Павлодар қаласы
№ 30 жалпы орта мектебі
(Ашық сабақ)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сәуле Боранбайқызы Шанашова
2016 – 2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |