Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»
|
Күні
|
01.09.2022 жыл
|
Сынып жетекші:
|
Жусупалиева Гулзада Маханбетжановна
|
Сынып: 5Б
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Білімді жас ұрпақ ертеңіміз!»
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын бақылайды.
Бейнеролик арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
-«Отан» сөзін қалай түсінесің?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
- «Өз Отанының патриоты» болу үшін не істер едің?(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі
Оқушылар өз ойларын айтады.
|
Компьютер
Бейнеролик
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық». Балалар білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Тақта арқылы еңбек, білім, Отан деген сөздерге топтастыру жасау.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»
Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен?
Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.
Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды.
Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.
-Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.
-Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.
-Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.
- Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.
-Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.
Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.
Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
|
Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады.
Оқушылар жануарлар еңбегіне мысал келтіреді
Оқушылар адамдардың табиғаттан үйреніп жасаған заттарына мысал келтіреді.
|
Презентация
|
Ортасы (20 мин)
|
Оқушылардың білімдерін жинақтау мақсатында жұмбақтар ұсынылады.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/милиционер/
Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
/мұғалім/
Өскен шашты жаратпайды,
Қайшысы бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына.
/монтер/
Еңбек орны-танабы,
Сүйікті ән- дала әні.
Егін салып, мәпелеп,
Асырайды қаланы.
/дихан/
Өңкей сығай екі топта
Таласып жүр бір допқа.
Бұл кім ?
/футболшы/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
/ұшқыш/
Қорытынды
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз. Сабақ оқу да – еңбек. -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың. Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың.
|
Оқушылар жасырылған жұмбақтардың шешімін табады.
|
презентация
|
Соңы
|
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, не меңгергенін сынып оқушыларымен бөліседі
|
|
Жезқазған қаласы
«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
Өткізген:Жусупалиева Г.М
Сыныбы: 5Б
2022-2023 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |