Тәрбие сағаты
|
«Отбасым алтын діңгегім»
|
|
Күні
|
|
|
Класс жетекші:
|
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға тәрбие бесіктен бастау алатынын,яғни қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдеп-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушы бойындағы ізденгіштік,тапқырлық және танымдық қаблеттерін дамыту.
|
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
|
Сабақтың барысы
|
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Бала – ұлт болашағы. Олай болса бала тәрбиесіне қырандай қарау керек. Ешкімде де ұлттық салт – санадан тыс өмір сүре алмайды. Ата – ана парызы – баланы ұлт тірегі мен талабына сай тәрбиелеу.
Халқымызда тәрбиеге қатысты көптеген дана пікірлер бар. Соның бірі: “Ұлыңа беске дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала.” Мұндай, баланың жасына сай рухани қарым - қатынаста болудың өсиеті қандай тамаша айтылған.
Отбасымызда өсіп, ержетіп келе жатқан балаға адамгершілікке негізделген жағдайда өмір сүруге мүмкіндік жасалуы керек. “Ойсыз думан жас адамды қор етер”, “Өскің келсе, өзімшіл болма” деген сөздер әрбір жастың жадында болуы шарт.
Бала тәрбиесіне тек мектеп мұғалімдері емес, ең алдымен мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір ата – ана жауапты.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Ата – ана үшін айтарым:
Әр баланың мінез –құлқы, іс - әрекеті, болмыс парасаты әр түрлі,сондықтан бала тәрбиесінде қателіктер жібермес үшін мына қағидаларды еске сақтаңыздар.
Егер бала меншіл болса – жек көруді үйренеді;
Егер бала алакөз ортада өссе – жауығуды үйренеді;
Егербаланы мадақтай берсе – тұйық болып өседі;
Егер баланы жазғыра берсе – жасқаншақ болып өседі;
Егер бала кешірімшіл ортада өссе - өзгелерді түсінуді үйренеді;
Егер баланы орайы келгенде көтермелей қойса - өз күшіне сеніп өседі;
Егер бала адал ортада өссе - әділетті болуды үйренеді;
Қазақ елінің болашағы, қазақтың өз төл таланттарының өсіп жетілуіне байланысты. Сондықтан ата – аналар ешкімге есесін бермейтін жаңа толқын тәрбиелеуге қажет.
|
Ата-аналарға қағидалар айтылады
|
слайд
|
Ортасы (20 мин)
|
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
|
1. атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
|
слайд
|
Соңы
|
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
|
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.
|
слайд
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Су тіршілік көзі»
|
|
Күні
|
|
|
Класс жетекші:
|
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |