Сабақтың тақырыбы: Ереуіл атқа ер салмай



Дата06.11.2016
өлшемі64,89 Kb.
#1153
түріСабақ



«Арман» оқыту - тәрбиелеу кешенінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Каримова Алмагүл Хайруллаевна


Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары

Күні: 09. 09. 2015 ж

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: “Ереуіл атқа ер салмай...»

(Дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы)

Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінен мәлімет беру. Ақын жырларының ерекшелігі мен идеялық мазмұны туралы түсініктерін қалыптастыру.

  • Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл байлықтарын дамыту,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

  • Ақын шығармалары негізінде оқушылардың бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал ету.

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар сабақтан соң:

  • Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы терең білім алады.

  • Ақын өлеңдерінің тақырыбы оның ерекшеліктері мен идеялық мазмұны туралы мәлімет алады.

  • Өз ойын еркін жеткізеді, дәлелдейді.

  • Мәнерлеп оқуға, жатқа айта білуге дағдыланады

  • Сыни ойлау дағдысы жетіледі.

Дереккөздер: Интерактивті тақта, суреттер , тарихи карталар, слайд, газет- журнал материалдары.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, мәнерлеп оқу, талдау, зерттеу, сұрақ- жауап, көрнекілік қолдану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

ІІ.Сабақтың міндеті мен мақсатын түсіндіру.

ІІІ.Жаңа сабақ:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. Бүгінгі сабағымызда біз дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білетін боламыз. Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанның бұрынғы Орда (қазіргі Жәнібек), Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Махамбет жас кезінде хан ордасында болады. Ханның Зұлқарнайын деген баласы Орынборға оқуға барғанда, соның жанында бірге болған. Махамбет мұсылманша да, орысша да хат білген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүз қазақтарының патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына және жергілікті әкімдерге қарсы Исатай Тайманов басқарған көтерілісі басталады. Көтерішлердің ең басты адамдарының бірі жалынды жас ақын Махамбет болды.

Махамбет - дауылпаз ақын, өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні болды. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін айқындаған да солар. Махамбет- халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. Оның өлеңдері - шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Ақын Жәңгір ханға айтқан өлеңінде өзінің батылдығын көрсете білді. Махамбет өлеңдерінде романтизм элементі жиі кездеседі.

Махамбеттің «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т. б. өлеңдері Исатай- Махамбет бастаған ұлт азаттық күресінің жылнамасы істепті. Қорыта айтқанда, Махамбет поэзиясы -қазақ әдебиетдегі отаншылдық, жауынгерлік поэзияның тамаша үлгісі.

2.Теориялық білім беру.

а) Слайд арқылы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс туралы мәлімет беріледі.

ә) Мағынаны ашу. Мағынаны ашу кезеңінде «Топтастыру» әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы оқушылар «Махамбет кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Махамбеттің дауылпаз ақын, көтеріліс басшысы екендігі жайлы алған мәліметтерін айтады. «Еркін жауап» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтарды топта талқылап, жауап береді.

1.Махамбет Өтемісұлының қандай шығармаларын білдік?

2. Шығармаларының тақырыбы қандай?

3. Сөздікпен жұмыс. «Сөздер сөйлейді» стратегиясы бойынша шығарма мазмұнында кездесетін сөздердің мағынасын ашады.

4.«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Үш топқа тапсырма беріледі. Бұл әдісті қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқушылардың зейінін, зеректілігін, есте сақтау қабілеттерін арттырады.

І топ. «Ойланыңыз». Махамбет Өтемісұлының өмірі жайлы оқулықтағы мәтінмен таныса отырып, жоспар құрыңыз.

ІІ топ. «Зерттеңіз». Махамбет Өтемісұлының шығармаларының тақырыбы мен идеясын зерттеп, өз ойларыңызды айтыңыз.

ІІІ топ. Талдаңыз. Оқулықтағы «Ереуіл атқа ер салмай...» өлеңін оқып, өлеңнің шығу тарихын талдаңыз.

1.«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің шығу тарихымен танысу:

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің өзіндік шығу тарихы бар екен: Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілер жылы Орданы қамағаннан кейін, Баймағамбет, қарауылқожа бастаған патша әскері бұлардың соңына түседі. Исатай әскеріне шегінуге тура келеді. Көтерілісшілер ыдырап, азаяды.Исатай мен Махамбет жайықты жарып өткен соң, қасындағы қырық жолдасымен далаға қонады. Күн суық болған екен. Таңертең тұрса, батырлар қар астында тоңып қалған екен. Далаға қонып, тоңып тұрған жігіттердің көбі жылы үйді, жұмсақ төсекті, қызыл шайды жоқтайды. Сонда Махамбет батыр осы өлеңді айтып, жолдастарын жігерлендірген екен дейді.



ІҮ. Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтадан «Махамбет елі» атты слайд көрсетіледі. Мұнда Махамбеттің туып өскен жері , көтеріліс болған жердің картасы, ақынның мазары, Атырау қаласында орнатылған Б. Әбішевтің Исатай- Махамбет мүсінінің жобасы және Е. Мергеновтің «Махамбет» мүсіні, Н. Шаяхметовтің Махамбеттің бас сүйегі бойынша жасалған мүсіні, газет- журнал материалдары көрсетіледі. Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі орындалып тұрады.

Ү. Сабақты бекіту.

Махамбет туралы айтылған ұлы адамдардың ойлары туралы пікірлеріңді айтып өтіңдер. Ұлы Жазушы М. Әуезов Махамбет поэзисы туралы:

« Соғыста- батыр, сөзде - от ауызды, орақ тілді дегендей жалындаған алғыр, шешен, Махамбет- Исатай қозғалысындағы ең көрнекті кісінің бірі...

Махамбет бұрын- соңды қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс...

Махамбет жырлары - өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы...

Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі.» - деп қазақ даласының теңдесі жоқ тұлғасы екенін атап көрсетті.



ҮІ. Сабақты қорытындылау. Үнтаспадан Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ойналып тұрады. Мұғалім Махамбеттің «Мен, мен, мен едім...» өлеңін оқиды.

ҮІІ. Үй жұмысы.

Махамбеттің өмірбаянын оқу, «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау.



ҮІІІ. Рефлексия кезеңі.

Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Не ұнады? Не ұнамады? Кездескен қиыншылықтар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет