Сабақтың тақырыбы: Еркін электромагнитік тербелістер Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата26.01.2022
өлшемі187,97 Kb.
#114792
түріСабақ
Байланысты:
9 кл Еркін электромагнитік тербелістер





Бөлімі:

IV бөлім. Сақталу заңдары

Педагогтің аты-жөні:

Жауғашты Н.Ж.

Күні:

17.02.2021

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Еркін электромагнитік тербелістер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.4.1 тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  1. Барлық оқушылар істей алады: Тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипатай біледі

  2. Көптеген оқушылар істей алады: Формулаларды тұжырымдау, есеп шығаруды қолдана біледі

Кейбір оқушылар істей алады: Тербелмелі контур, Томсон теңдеуілерін біледі, есептер шығарады.
Бекітемін: Кожахметова М.М.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты


Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут





Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Миға шабуыл» (4  минут)

  1. Тербелмелі контур дегеніміз не?

2.   Идеал тербелмелі контурды қалай түсінесің?

3.   Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістерді сипаттап бер?

4.   Еркін тербелістер дегенді қалай түсінесіңдер?

5.   Гормоникалық тербелістер жайлы не білеміз?

6.   Тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі жайлы не білеміз?

Кері байланыс: оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы

Бағалау: «Мадақтау» арқылы



Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Дескриптор:

-тербелмелі контурды біледі

-электромагниттік тербелістерді сипаттайды

-еркін тербеліс анықтамасын біледі

-амплитуда, жиілік, период ұғымдарын біледі
Әр дұрыс жауапқа 1 балл


Оқулық

Слайд
Ауызша сұрауға да болады немесе слайд түрінде көрсетіледі



Сабақтың ортасы
25 минут


Жаңа тақырып

Тапсырма: Оқулықпен жұмыс, оқушылар тақырыпты өз бетінше оқып, содан соң , тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты сыныппен талқылайды



оқушылар тақырыпты өз бетінше оқып, содан соң , тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты сыныппен талқылайды

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

Оқулық


Таратпа материалдар, есептерді

Жеке жұмыс «Есептер шығару» (10 минут)

1.      Индуктивтілігі 0,1 Гн катушка мен сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелісінің периодын табыңдар?

2.      Индуктивтілігі  0,04 Гн болатын тербелмелі контурдың ерікті тербелістерінің жиілігі 800 Гц. Осы контур конденсаторының сыйымдылығы қандай?

V. Деңгейлік есептер. Жұптық жұмыс

І нұсқа


  1. 6 секунд ішінде материалық нүкте 12 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?

  2. Ұзындығы 0,5 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

  3. Контурдағы конденсатор сыйымдылығы 200 мкФ, тербеліс периоды 1с. Контурдың индуктивтілігін анықтаңдар?

ІІ нұсқа

  1. Серіппе әрекетінен массасы 100 г жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің қатаңдығын анықта.

  2. Ұзындығы 90 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

  3. Контурдағы конденсаторлың сыйымдылығы 400 пФ, ал катушканың индуктивтілігі 10 мГн. Тербеліс периодын анықтаңдар.




Сабақтың соңы.

5 мин

Рефлекция

Бағалау



Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау



Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор



Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет