Ермексаздан тегене пішінін жасау
1. Ермексаздан дөңгелек шар жаса.
2. Шарды бас бармағымызбен басып отырып, бүйір шетін шығар.
3. Тегененің кернеуін шығар. Ол үшін асыл түсті ермексазды алақанмен илеп, ширатылған кесінді дайында.
4. Осы кесіндіні тегененің жиегіне жапсырмала. Тегененің ортасын тауып, белгіле.
5. Жіңішке кесінділер дайындап, оны ие отырып, ою жаса.
6. Оюды тегененің ортасына орналастырып, айналасына жолаң жүргіз.
7. Тегененің дайын үлгісі
Ермексаздан жасауға болатын ыдыс түрлері
Ыдыс-аяқтарға көбінесе геометриялық және өсімдіктектес ою-өрнектер салынған. Бұл оюлардың өзі белгілі бір мағына білдіріп отырды. Мысалы, «и» белгісіне ұқсас ою «бітпес» деп аталады. Ол молшылықты, ұзақ ғұмырды білдіреді. Сол сияқты «қошқармүйіз» оюы да байлықты, дәулеттілікті көрсетеді. Бұл ою қазақ халқының сәндік-қолданбалы қолөнерінде жиі кездеседі.
Ү. Сабақты бекіту: -Ермексаздың өзіне тән қандай қасиеттері бар?
-Ермексаз қандай материал?
-Қандай құрал-саймандар кажет?
-Ермексазбен жұмыстан кейін не істеу керек?
-Ермексазды бөлудің неше тәсілі бар? Ата.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, көрме ұйымдастыру.
ҮІІ. Бағалау.
БЛОБ ағашы бойынша бағалаймын.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Ыдыс үлгілерінің өзіңе ұнаған біреуін өз бетінше жасап көр.
Оны қандай оюмен безендір.
Достарыңызбен бөлісу: |