Сабақтың тақырыбы: Ермексазбен жұмыс жасау Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата12.09.2020
өлшемі99,99 Kb.
#77960
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ермексаз




Оқушылар Үйінде «Бастауыш техникалық модельдеу» үйірмесінде өткізілетін ашық сабақтың жұмыс жоспары
Уақыты: Тобы: ІІ топ

Сабақтың тақырыбы: Ермексазбен жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты:

1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру.

2.Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу

3. Шеберлік өнерін дамыту.

Керекті құралдар: ермексаз, кескіш, тақтайша, суреттер, проектор, экран, презентация.

Әдісі: түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, сарамандық жұмыс

Сабақтың түрі: жаңа тақырып



Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

1. Шәй демдейтін ыдыс не?

2. Қымыз құятын ыдыс не?

3. Ет тамақты салатын ыдыс не?

4. Шәй құйып ішетін ыдыс не?

5. Ертеде ата-бабаларымыз, тамақ салып жейтін ыдыс не?

6. Піскен тамақты құятын ыдыс не?

7. Тамақты пісіретін ыдыс не?

8. Әртүрлі бұйымдарды мүсіндеу арқылы жасайтын зат не? (ермексаз)

- Кәне,балалар, кім айтады?

- Ермексаз дегеніміз не?

- Ермексаз дегеніміз - илеуге,созуға ыңғайлы зат.

Ермексаздың жақсы қасиеті ырыққа көнгіш, тез иілгіш, мүсін формасын қалай өзгертем десең де, өз еркіңе көнеді.

Алдымен ермексазбен жұмыс жасау жолдарына тоқталайық.

Ермексаз - мүсіндеу үшін арналған шикізат. Ол тазаланып және ұнтақталған саз ұнтағына балауыз, церезин, май және басқа да құрғап қалудан сақтайтын заттардың қосылуы арқылы жасалады. Ол әр түрлі түстерге боялады. Оны 1897 жылы Англяның өнер мектебінің оқытушысы William Harbutt студенттері мүсін жасау кезінде кеуіп қалмайтын материал ретінде жасап шығарды. Патент 1899 жылы алынып, ермесказ 1900 жылдан бастап Bathampton зауытында өндірісте шығарыла бастады.Бастапқыда оның түсі сұр болатын, кейін төрт түсті етіп жасалды. Ермексаз мүсіндеу үшін өте ыңғайлы, қолға жабыспайды. Балалар қолдануына өте қолайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет