ІV. Сарамандық жұмыс.
Кане, қарапайым ыдыс түрін жасап көрейік
Кесе – сұйық тамаққа, сусынға арналған ыдыс. Ермексаздың жартысын бөліп алып, екі алақанға салып, домалақ, шар тәріздес етіп жасаймыз.
Бас бармақпен, сұқ саусақтардың қимылдарымен шұңғылдаймыз. Шұңғылды кеңейте түсеміз.
- Міне, кесе шығады. Ермексазды екі алақанға салып, ширатып өрнектер жасаймыз.
Мұны ширатылған кесінділер дейді. Кесенің түбін жасаймыз.
Тегене - ет салынып тартылатын ағаш ыдыс. Тегенені емен, қайың, тал («екпе тал» тал» деп те атайды) сияқты кепкен ағаштардан жасі Шебер әуелі ағашты суға ұзақ қайнатып алады. Сонда бойындағы талшықтар жібиді, ағаш майының дәмі шығады. Ағаш жұмсарып, шапқан кезде жарылмайды. Ағаш жасалған тегененің іші шұңғылдау, жалпақ кернеулі болады. Сондай-ақ жиекті, дөңгелек, ағашы қалыңдау болып келеді. Ол әртүрлі көлемде жасалады. Үлкен тегенемен адамдарға бас табаң тартады. Тегенені шара, тостаған безендірмейді, тек ағаштың өзінен ғана жасайды. Көбіне тағамдары салынатындықтан, тазартуға, жууға оңай болу үшін бетіне көп өрнектер де ойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |