(ойлау, айтылым, жазылым қолдану дағдысын қалыптастырамын.)
10 мин 10 мин
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде
«Ойлан, жұптас, топтас» -әдісін қолданамын.
График дегеніміз-тікбұрышты координаттың жазықтықтағы координатты нүктелерінің жиыны. (график (грекше)-сызылған)
График абсциссадан (х), ординатадан (у) тұрады. Бастапқы t=0 болған мезетте дененің координатасы x болсын. Сонда орын ауыстыру S = x – x0 болады. Бірқалыпты қозғалыс теңдеуі: S = V∙t екені белгілі. Соңғы екі өрнектегі S –терді теңестірсек: x – x0 = V∙t . Өрнектегі x0 –ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз.
x = x 0 + V∙t
Бұл өрнек қозғалыс теңдеуі деп аталады. түзусызықты қозғалыстағы дененің қозғалыс графигі түзу сызық болып табылатындықтан, оны екі нүкте арқылы да салуға болады. Мысалы, V = 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигін салайық. Оның бастапқы координатасы x0 = -3 м болсын. Сонда қазғалыс теңдеуі бойынша t = 5 с болғандағы оның координатасы x = 7 м болады.
tc
0
5
xm
-3
7
«Бүгін үйренген нәрсе» әдісі бойынша жеңілінен күрделіге қарай тапсырмалар орындалады.
Тапсырмалар: Ж үк көлігі 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Оның s жолының t уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. ХБЖ-не келтіреміз.
S(m)
t(c)
2. Дененің s жолының t уақытқа тәуелділік графигін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Дене алғашқы 4 с-та _________м жол жүрді.
Қозғалыстағы дененің жылдамдығы қандай? Графикке қарап кестені толтырыңыз:
Уақыт аралығы
0-3 c
3-6 c
6-9 c
9-12 c
12-15 с
Жүріп өткен жол бөлігіне кеткен уақыт, ∆t, с
Жүрілген жолдың ұзындығы, ∆s, м
Дененің жүріп өткен жол бөлігіндегі жылдамдығы v, м/с
Кестеге қарап қандай қорытындыға келдіңіз?
3.Әрқайсысының ұзындығы 350 м екі пойыз бір- біріне қарама-қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді.Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?