Сабақтың басы:
10 мин
«Сөйлесетін серіктес»
(Дағдылары: ойлау,есте сақтау, тапсырманы жылдам орындау
|
Ұйымдастыру кезеңі:
«Үш шапалақ» әдісін пайдаланып оқушылардың назарын шоғырландырамын.
Үй жұмысын пысықтау үшін «Серпілген сұрақ» әдісін қолдана отырып, мына төмендегі критерийлерді пайдаланамын және түскен сұрақтарға байланысты топқа бөліп аламын.
Критерий:
1)Жылдамдықтың формуласын, анықтамасын біледі.
2)Жолдың,уақыттың формуласын, өлшем бірлігін біледі
3)Формулаларды қорытып есеп шығарады.
Тапсырмалар:
1) Жүрген жолдың уақытқа қатынасын қалай атайды?
2) Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын кесіндіні, яғни векторды қалай атаймыз?
3) Жер Күнді 30 км/с жылдамдықпен айналады.Сонда Жер өз орбитасында бір сағатта қандай қашықтыққа орын ауыстырады?
Суреттер көрсетіп, сүреттерге байланысты сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындаймын.
|
Сұрақтар арқылы топқа бөлінеді
Тапсырмалар орындайды
|
ҚБ: смайликтер
|
А4 парағы
АКТ
Физика және астрономия есептер мен жаттығулар жинағы
В.И.Кем, Б.А. Кронгарт
|