Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару



Дата13.08.2017
өлшемі382,88 Kb.
#23525
түріСабақ
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Мусагулова Шараның қысқа мерзімді жоспары

Күні: 30.10.2014 ж



Пәні: Алгебра Сыныбы: 7 «А»

Барлық оқушы саны: 12 оқушы



Қатысқаны:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Мақсаты: көпмүше және оларға амалдар қолдану тақырыбынан алған теориялық білімін практикада қолданады

Күтілетін нәтиже:

  • көпмүше, көпмүшеге амалдар қолдану ережесін біледі

  • көпмүшеге амалдар қолдана алады, бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдаланады

  • көпмүшеге байланысты есептерді шығара алады

  • тақырыптың түйінді сөздерін біледі


Түйінді идея: көпмүшеге амалдар қолдануға болады

Мүмкін болатын кедергілер: оқушылардың белсенді болмауы, уақыттың жетпей қалуы, ережелерді жатқа білмеуі, жылдам есеп шығара алмауы
Сабақтың түрі: практикалық сабақ


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Мақсаты

Жұмыстың түрі

Бағалау

Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Оқушылар мұғаліммен амандасады

Сабақ мақсатымен таныстыру







Миға шабуыл


5 минут

Оқушыларды ортаға шығарып, шеңбер жасап тұруын сұраймын. Допты бір – бірлеріне лақтырып, өткен тақырып бойынша сұрақ қою керек екенін айтамын.

Оқушылар допты бір – бірлеріне сұрақ қойып лақтырады, допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, басқа оқушыға сұрақ қойып лақтырады.

Өткен тақырыптағы анықтамаларды еске түсіру

Топтық жұмыс




Топқа бөлу

1 минут

Карточкаға жазылған сандар бойынша бөліну керектігін айтамын

Карточкаларды алып, сәйкес сандарына барып отырады.

Топқа бөліну дағдыларын қалыптастыру







«Ыстық ұя»

«Білу»

5 минут

Сұрақтары мен жауабы жазылған карточкаларды топқа беремін.

Сұрақтарына сәйкес жауаптарын тауып, алдындағы парақтарына жабыстырады. Жауабын интерактивті тақта арқылы тексереді.

Теориялық білімдерін нақтылау

Топтық жұмыс

Топпен бағалау

«Жалған ба, шындық па?»

«Түсіну»

5 минут

Жеке оқушыға интерактивті тақта арқылы есеп көрсетемін.

Оқушы есепті ауызша жылдам есептеп, есептің шешімінің жалған, шындық екенін айтады

Көпмүшеге амалдар қолдана алу, бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдалану

Жеке жұмыс

Өз – өзін бағалау

«Мені тап»

«Қолдану»

5 минут

Карточкаға жазылған есептер таратамын.

Есептерді шығарып, сәйкес жауабына жабыстырады. Есеп қатесіз орындалса, сурет пайда болады.

Көпмүшеге байланысты есептерді шығару

Топтық жұмыс

Стикермен бағалау

«Ойлан, тап!»

2 минут

«Математика» сөзінің әріптерін пайдаланып, сөз құрастыру керек екенін айтамын

Топ болып сөз құрастырады

Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру

Топтық жұмыс

Стикермен бағалау

«Жұбыңды тап»

«Талдау»

5 минут

Есептер мен жауаптар жазылған парақтарды таратамын.

Есеп алған оқушы есебін шығарып, өз жауабы кімде екенін табу керек. Жауап алған оқушылар өз жұптарын күтіп отырады.

Теориялық білімдерін практикада қолдану

Жұптық жұмыс

Бас бармақ

Сергіту сәті

3 минут

Бір бірлерінің суретін салу

Қарама – қарсы отырған жолдасының бетіне қарап отырып, қағазға қарамай суретін салады. Салып болған соң қолын қойып, естелікке жұбына ұсынады.

Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру

Жұптық жұмыс

Стикермен бағалау

«Сөздер банкісі»

«Жинақтау»

5 минут

Тақырыпқа қатысты, қатыссыз сөздер жазылған слайдты көрсетемін.

Тақырыпқа қатысты сөздерді таңдап жазады. Көп сөз тапқан топтың сөздерін тыңдаймыз

Тақырыптың түйінді сөздерін анықтау.

Топтық жұмыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Қазымыр оқушы»

5 минут

Бір топтың оқушылары шеңбер жасап отырады, келесі топтың мүшелері қарама қарсы отырады. Көп сұрақ қойған, көп жауап берген оқушы «қазымыр оқушы» атағын алады.

Алдында отырған оқушылар сұрақ қояды, уақыт деген кезде сағат тілінің бағыты бойынша келесі оқушыға ауысады

Тақырыпты нақтылау

Жұптық жұмыс

Жұптық бағалау

Рефлексия

3 минут

- «Бес саусақ» әдісі: білдім, сезіндім, ойладым, шештім, келісемін (1-топ)

- Мен бүгін ... жаттап алдым (2-топ)

- 3 минуттық эссе: (3-топ)


  • бүгін не үйрендің?

  • Сабақ барысында қандай сұрағың бар?

  • Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?

  • Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірің/ұсынысың бар?

Ақ параққа бес саусақтарын салып, осы сөздерге аяқталатын сөйлем жазады

Алған білімдерін жинақтау, талдау.

Кері байланыс



Жеке жұмыс




«Ыстық ұя» сұрақтары


Сұрақтары

Жауаптары

Көпмүшелерді қосу үшін

Оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен бірге тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру керек

Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін

Бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек

Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін

Бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтіндіні қосу керек

Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін

Көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп, шыққан нәтижелерді қосу керек

Егер көпмүшені бірмүшеге бөлгенде бөліндіде көпмүше шықса,

Онда көпмүше бірмүшеге бүтіндей бөлінді дейді

Көпмүшені бірмүшеге бөлген кезде

Бірмүшенің құрамындағы айнымалының мәні нөлге тең болмауы керек

«Жалған ба, шындық па?»



  1. 3m – 2m + 5m = 6m (шындық)

  2. 5 pq + k – 7pq – k = -2pq + k (жалған)

  3. 5n – 3 + n + 6 = 4n +6 (жалған)

  4. 4a – 5 b + 5b + 4a = 8a (шындық)

  5. 28x – 15y + 12x = 40x (жалған)

  6. 16 a4 – 15 b3 – 15 b2 + a4 = 17 a4 – 15 b3 – 15 b2 (шындық)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет