Сабақтың тақырыбы: «Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы»



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі134,22 Kb.
#30726
түріСабақ
  1   2
Ақтөбе қаласы

51 гимназия



Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна

Тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есім ханның хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы, тұлға ретінде атқарған рөлін ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың жүйелік ойлауы, топ болып жұмыс істеуі дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.Есім ханның өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін көрсету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, диалогтық оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс картамен жұмыс,

Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тірек –сызбалар, Тәуекел, Есім хандардың суреті, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.


Сабаққа назар аударту
ІІ. Үй жұмысы. Мұғалім мен оқушының диалогы

1 – топ.

1. Хақназар хан қайтыс болған соң хан тағына кім отырды? (Шығай хан 1580-1582)

2. Шығай хан Баба сұлтанға неге өшікті? (Қазақ ханы Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргені үшін)

3. Баба сұлтан кім? (Ташкент билеушісі)

4. Шығай хан өз мақсатына жету үшін кіммен бірікті? ( Бұхар ханы Абдаллахпен)

5. Ташкент билеушісі Баба сұлтан мен Бұхар ханы Абдаллах арасында қандай келіспеушілік бар еді? (Баба сұлтан Бұхар хандығынан бөлініп шығып, тәуелсіз билік құрғысы келді)

6. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Ходжентті Абдаллах хан не үшін сыйлады? ( Абдаллах ханның Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған жорығына қатысқаны үшін)

7. Өзбек пен қазақ әскерлерінің Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорығы қай жылы болды? Нәтижесі не? (1582 жылы Шығай хан қайтыс болды. Баба сұлтан әскері жеңілді)

8. Баба сұлтанды өлтіріп, Хақназар мен Жалым сұлтанның кегін қайтарған кім? Бұл оқиға қашан, қай жерде болды? (1582 жылы Түркістан қаласының түбінде Баба сұлтан өлді, ал әскербасы, әмірлері, баласы тұтқынға алынды. Бұл шайқаста қазақ әскерлерін басқарған Тәуекел еді)

9. Абдаллах Самарқан өлкесіндегі Африкент аймағын Тәуекел сұлтанға не үшін сыйға тартты? (Баба сұлтанды өлтіргені үшін)

10. Тәуекел Шығай ханға кім болады? ( баласы)
2 топ.

1. Тәуекел қай жылдары хандық құрды? (1582-1589)

2. Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды? ( Сыр бойындағы қалаларды қазақ хандығына қайтару)

3. Бұхара ханы Абдаллах пен Тәуекелдің арасы қандай еді? ( Бұхара ханы Абдаллах Тәуекелмен санаспады)

4. Абдаллах қас дұшпаны Баба сұлтанға көмектескен қазақ сұлтандарына қалай қарады? (Жазалай бастады)

5. Тәуекел хан өзбек ханы 2 Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алды? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам)

6. 1589 жылы Абдаллах хан өлді, себебі не? ( Абдаллах хан мен оның баласы арасында қайшылық болды. Осы қайшылықты Тәуекел хан өз пайдасына пайдаланды. Ташкент қаласы түбінде Абдаллах хан әскері талқандалды. Абдаллах хан өлді.)

7. Абдаллах ханның орнынан таққа кім келеді? Оның тағдыры не болды? (Таққа баласы отырды, бірақ бүлікші әмірлер оны өлтірді)

8. 1589 жылы өзбек хандығында билік үшін тартысты Тәуекел қалай пайдаланып кетті? (Мәуереннахрға басып кірді. Сыр бойындағы қамал қалаларды және Ташкентті қазақ хандығының құрамына қосып алды. Шайбани әулеті орнына Аштрхани әулеті билікке келді)

9. Тәуекелдің өмірі қалай аяқталды? (інісі Есім сұлтанды 20 мың әскерімен Самарханда қалдырды. Өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны 20 күн қоршады, бірақ ала алмады. Осы шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, қайтыс болды)

10. Аштрханилер мен қазақ әміршілері арасында қандай шарт жасалды? (қазақ хандығына қосылған жерлер заңдастырылды)
2 кезең Слайдтан «Тәуекел ханның қандай еңбегі бар? сурағын көретемін оқушылар жазады

XVI ғ. Аяқ кезінде қазақ хандығының күш-қуаты артты

Сырдария бойындағы қалалар қазақ хандығына қосылды

Дипломат


Шебер саясаткер



қолбасшы


Сібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары қазақ хандығының құрамына кірді

Шаруашылықтың жандануы

Шекараның кеңеюі

Халық санының өсуі


3. картамен жұмыс.

1. Баба сұлтан қай елдің билеушісі? (Ташкент)

2. Абдаллах хан Тәуекелге Баба сұлтанды өлтіргені үшін қай аймақты сыйға тартты? (африкент уәлаятын)

3. Тәуекел хан өзбек ханы Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалаларды басып алды?



ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

Есім ханның ішкі саясаты.

Бұхар-қазақ қарым-қатынастары

Есім ханның Шығыс Түркістанға байланысты саясаты

Тұрсын ханның бүлігі

Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша 5-7 минут уақыт тақырыпты оқуға беріледі. Оқушылар бөлінген уақыт ішінде тақырыпты оқып, сызбаны құрады. Оқушылар сол сызбалары бойынша келесі топқа түсіндіреді. Оқушылар түсіндіріп болған соң тақтада тірек-сызбалар көрсетіледі. Толықтырылады.






1 топ



ЕСІМ ХАНҒА МІНЕЗДЕМЕ









Ел қорғанысын нығайтты



Әдеп –ғұрып заңы


Есім хан мен оның кеңесшілері «Қасым салған қасқа жолды» негізге алып өңдеп, толықтырған




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет