Сабақтың тақырыбы: «Эстафеталық ойындар»



Дата08.09.2017
өлшемі23,53 Kb.
#31436
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Эстафеталық ойындар»

Сыныбы: 4

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және спорттық қозғалыс ойындарына деген ептіліктері мен шапшаңдықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

І. Ұйымдастыру бөлімі: а) Командаларды сапқа тұрғызу.

ә) Сәлемдесу, реттік санау.



Жоспары:

«Кім жылдам» ойыны

«Қос аяқ» ойыны

«Шеңбердегі жұп» ойыны

«Орнын ауыстыр» ойыны

«Допты хоккей» ойыны

«Допты жерге соқ» ойыны

«Команда тізбегі» ойыны



ІІ. Эстафеталық жарыс: «Кім жылдам» ойынының шарты: жолдағы кедергілерден ирек жүгіру әдісі бойынша жылдам келу. Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналып, сөреге жеткенше ойын шартын толық орындау қажет.

«Қос аяқ» ойынының шарты: Допты (волейбол добы) аяқ ортасына қыстырып, қос аяқпен әдісімен секіріп апару. Мәреге жеткен соң, жай жүгіріспен сөреге дейін жүгіру. Ескерту: Жарыс барысында доп түсіп кеткен болса, ойын дәл сол жерден жалғасын табу керек.

«Шеңбердегі жұп» ойынынының шарты: Екі ойыншы берілген шеңбер ішіне кіріп жұп құрайды. Тура жүгіру әдісі бойынша жылдам жүгіріп барып келеді.

Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналып, сөреге жеткенше ойын шартынтолық орындау қажет. Команда ойыншылары қарсыласын сөреге жеткенше күтуі қажет.



«Орын ауыстыр» ойынының шарты: Командаға бес спорт таяқшалары беріледі, олардың бастапқы орны «сөре» болып саналады. Сол таяқшаларды алғашқы бес ойыншы бірітіндеп «мәреге» орнын өзгертіп жеткізеді, қалған бес ойыншы спорт таяқшаларын қайтадан «сөреге» орнына жеткізеді. Ескерту: Ойыншы мәреден толық айналады, команда ойыншылары қарсыласын сөреге жеткенше күтуі қажет.

«Допты хоккей» ойынының шарты: Әр ойыншы хоккей таяқшасымен хоккей добын кедергілерден ирек жүру әдісімен мәреден , сөреге дейін толық орындау қажет. Ескерту: Ойын барысында хоккей добынан айырылып қалған ойыншы, ойынды дәл сол жерден жалғастырады.

«Допты жерге соқ» ойынының шарты: Допты (баскетбол добы) жерге соғып, кедергілер арасынан ирек жүру әдісімен жылдам серпіте апару. Мәреге жеткен соң, жай жүгіріспен сөреге дейін жылдам жүгіру. Ескерту: Жарыс барысында доп түсіп кеткен болса, ойын діл сол жерден жалғасын табу керек.

«Команда тізбегі» ойынының шарты: Команда мүшелері тізбек бойынша қатарласып тұрады. Топ басшысы берілген допты (волейбол добы) келесі ойыншыға жоғарыдан береді. Ойын тізбек толық тізбек орындалғанша жалғасады. Ескерту: Допты жерге түсіруге болмайды. Доп жерге түскен сайын ұпай саны шегеріледі.

ІҮ. Қорыту бөлімі: а) Командаларды сапқа тұрғызу.

ә) Эстафеталық жарыстың нәтижесі бойынша мадақтау.

б) Жүлделі орындарды марапаттау.

Эстафеталық жарысқа белсенді түрде қатысқандарыңызға рахмет!



Шымыр денсаулық, терең білімді болыңдар.

Сау болыңыздар!
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет