Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері



бет1/7
Дата13.02.2017
өлшемі1,22 Mb.
#9024
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының

ережелері.

Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек

көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын

пайдалануды есепке алу журналы.

Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы

дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.

қамтылуы: Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру

ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет

ережелерімен таныстыру.

2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;


  • компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;

  • қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

- өрт сөндіргішті қолдануды;

- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты аяқтағанда



Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

  5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

  7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

  1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.




Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды

Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады

Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды

Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады

Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды

Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады

Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды

Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады

Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды

Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды

Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды

Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды

Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды

Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады

Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды

Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады

Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды

Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады

Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды

Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады

Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды


4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету

  4. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.

Күйген кезде көмек көрсету

Адам күйікке шалынған жағдайда:



  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.

  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету

Адам талып қалған жағдайда:



  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:



  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ



V. Қорытындылау

Үйге тапсырма

ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.



Оқушыларды бағалау

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Информатиканың негізгі түсініктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, топтамалар, т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(7-сыныптағы «Ақпарат» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары)

Ақпарат деген не?

(Ақпарат- қоршаған орта мен онда болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер)



Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

(Ақпараттық процестер дегеніміз –ақпаратты сақтау, беру және оны өңдеу)



Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

(Ақпарат пайдалы, толық, обьективті, жаңа болуы керек).



Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?

(Ақпараттың ең кіші бірлігі -1 бит )

1 Байт= 8 бит

1Кбайт (килобайт)=1024 байт

1Мбайт (мегабайт)=1024 кбайт

1Гбайт (гигабайт)=1024 мбайт

Ақпаратты кодтау, кодтушы кесте деген не?

(Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпартты кескіндеу Кодтаушы символдар жиынының комбинациялары –кодтаушы кесте деп аталады).



ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

        1. Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не білесіңдер?

        2. Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білесіңдер?

        3. Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині

60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.

Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:



  • Ақпараттар теориясы ;

  • Кибернетика;

  • Жасанды интеллект;

  • Программалау;

  • Ақпараттарды қорғау және т.б.

Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және алмастыру жүргізетін компьютерді ойлап тапты.

Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.

Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.

Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.

Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.

Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.

Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.

Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.

Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.
ІV. Сабақты бекіту.


    1. Информатика дегеніміз не?

    2. Информатика нені оқытады?

    3. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?

    4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?


Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты

аяқтаймын.



Үйге тапсырма: §1.1 тақырыпты оқу.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Сандардың тарихы және санау жүйелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың санау жүйелері, ондық , екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.

Пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы

түсіндіру.



Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?

2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?

3. Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?

4. Ақпараттық процесс деген не?

5. Ақпаратты ұсынудың тәсілдерін атаңдар?

6. Информатикаға анықтама беріңдер?

7. Қазіргі кездегі компьютерлердің қолданылуының сипаты қандай?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2- тарау. Компьютердің арифметикалық негіздері

Сандардың тарихы және санау жүйелері.
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.

Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.



Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.

Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.

Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес.

Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.



Позициялық санау жүйелері

Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.

Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.

Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16.



2.2. кесте
Позициялық санау жүйелері



Санау жүйесі

негізі

Цифр алфавиті

ондық

10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0,1,2,3,4,5,6,7

Он алтылық

16

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)


Ондық санау жүйесі

Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.

Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің , жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.

777= 7*102+7*101+7*100

Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.

Екілік санау жүйесі
Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.

Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.

Сегіздік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік сандар болып табылады.



Оналтылық санау жүйесі
Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз.

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F


IV. Сабақты бекіту .

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?

2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?

3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?

5. Он алтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
V. Үйге тапсырма беру:

2 - тарау. Компьютердің арифметикалық негіздері. §2.1. Сандардың тарихы және санау жүйелері.



VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.

Сабақтың мақсаты:

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы түсінік қалыптастыру;



Білімділігі: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру

туралы білімдерін қалыптастыру;



Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген

қызығушылығын арттыру



Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1.Санау жүйесі деп нені айтады?

2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?

3. Позициялық санау жүйенің негізі деп нені айтады?

4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?

5. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2.2.-тақырып. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.



Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

89110=11011110112

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.



Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы –берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.



Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

1-нұсқа

1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 181,36910 б) 176,52610 в) 700610 г) 12510 д) 22910

2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 32210 б) 150,700610 в) 284,24510 г) 42810 д) 315,07510

3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012

4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012

5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 3248 ә) 15768 б) 176528 в) 1368 г) 305078

6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) А5916 ә) 8716 б) В6816 в) С1616

2-нұсқа

1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 32210 ә) 15010 б) 283,24510 в) 42810 г) 315,07510

2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 18110 ә)176,52610 б)36910 12510 22910

3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112

4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112

5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 4068 б) 1258 в) 2278

6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 1F5A16 б) 4D616 в) 2СЕ16

3-нұсқа

1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510

2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510

3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 1001111110111,01112 б) 1110101011,10111012

4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 100100102 б) 10100101,01112 в) 10011000,000101012

5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 668 б) 37,258 в) 206,1258

6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 9F4016 б) ABCDE16 в) 1ABC,9D16

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?

4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?

V. Үйге тапсырма беру:

Оқулық: §2.2. Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру. (Мазмұндау).

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.

Қосу. Азайту. Көбейту. Бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту,

бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.



Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары.


  1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

  2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

  3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмүкін?

  4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

Жаңа материалдың мазмұны:

§2.3. Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.

Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.



Қосу


0+0=0

1+0=1


0+1=1

1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.



Мысалы:


101

+

011


Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.

  1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:

1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.

  1. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:

0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.

  1. Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:


  1. Нәтижеде

101

+

011




  1. алдық. Сонымен, 10002=810

Қосу – екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция – азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.

Азайту


0-0=0

1-0=1

0-1=1


1-1=0

Мысалы :

101

-

101


К
0*0=0

1*0=0


0*1=0

1*1=1
өбейту


Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:

101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5

*

110 1102= 1*22+1*21+0*20=6



000

111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010

Яғни 5*6=30

Бөлу
Екілік санау жүйесінде бөлу –ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты

аяқтаймын.



Үйге тапсырма:
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.
Оқушыларды бағалау.




САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 3-тарау. Логика негізі және компьютердің логикалық негізі.

§3.1. Логиканың негізгі түсініктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері

логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.



Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).



Логиканың негізгі түсініктері.

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.

Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.



Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,

«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған пікірлер.

Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.

Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.

Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.

Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.

ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.


Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Пікір дегеніміз не?

2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?

3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?

4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?

5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?

6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?

Үйге тапсырма: §3.1. Логиканың негізгі түсініктері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.


Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: §3.2. Логикалық амалдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері

логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.



Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).



Логикалық амалдар.

Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.

Коньюнкция:

-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.

Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.

Дизьюнкция:

-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.



Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.

Инверсия:

-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.



-пікіпрлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.

Теріске шығару – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.



Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Коньюнкция дегеніміз не?

2. Дизьюнкция дегеніміз не?

3. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?

4. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?

5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?



Үйге тапсырма:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет