ІV. Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде достарына өкпелеп жалғыз ағаш өмір сүріпті. Ол 10 жасында ержетіп, 20 – сынды бұғанасы бекіп, 30 – да кемеліне келіп, 50 – ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
Ух, жаным – ай, жаным! Енді не қылайын! Жапырақтарым сыздайды, бұтақтарым
сырқырайды, жәрдем ете көріңдер, - деп, ағаш күні – түні зарлайды.
Оның даусын естіп, бір күні бір шағала ұшып келеді.
Ата ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.
Балалар, шағаламен бірге ағаштың ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық.
Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
Достарыңызбен бөлісу: |