Критериалды бағалау түсінігі



бет1/3
Дата29.04.2022
өлшемі15,05 Kb.
#141377
  1   2   3
Байланысты:
Критериалды бағалау түсінігі-emirb.org
бх

Критериалды бағалау түсінігі

Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері

Критериалды бағалау түсінігі


  • Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..

Критериалды бағалау қағидалары



  • Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.

  • Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.

  • Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.

  • Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.

  • Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.

  • Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек

  • Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.

1. Критериалды бағалау оқыту мақсаттарына негізделуі керек және оқыту үдерісінде мұғалім оқушылар назарын үнемі аударып отыруы керек.


2. Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктеріне бағыттала отырып, оқуды мақсатты, бағалауды ашық етеді.
3. Критериалды бағалау оқушыларға түсінікті болуы креек.
4. Критериалды бағалау барысында үштен артық емес критерий қолданылуы керек.
5. Бағалау критерийлері тексеру жұмыстарын орындаудан бұрын хабарлануы, түсіндірілуі керек.
6. Бағалау критерийлері мүмкіндігінше, оқушылармен бірге дайындалуы, жасалуы керек.
Критериалды бағалау талаптары
Критериалды бағалау маңызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет