Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;
Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады;
Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар;
Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады
Критериалды бағалау пайдасы
Мұғалім үшін Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға;
Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу траекториясын құруға;
Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді қолдануға;
Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасауға.
Критериалды бағалау туралы
Оқушы үшін Өз түсінгендігін көрсету үшін түрлі оқыту стилдері және ойлау әрекеттері мен қабілеттерін пайдалану;
Табыс критерийі маңызын түсіну, нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу мен түсіну;
Өзін және өзгелерді бағалай отырып, рефлексия жасауға қатысу;
Өз білімін нақты мәселелерді шешу, түрлі көзқарастарды жеткізу, сыни ойлауын көрсету үшін пайдалану.
Ата-ана үшін Баланың оқу деңгейі туралы дәлелдемелер алып отыру;
Баланың оқудағы ілгерілеуін қадағалау;
Оқу барысында балаға қолдау жасау.