Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау



Дата24.05.2017
өлшемі148,69 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,

Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Султанова София Сагитовна



Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.

Сабақтың міндеттері: білімділік – етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.

Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.

б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қалау райдың жасалу жолын сұрау,мысалдармен дәлелдеу. 180-жаттығуды тексеру.



ІІІ. Актуалдау кезеңі.

Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.

«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.

IV.Жаңа сабақ.

Етістіктің райларын қайталау.Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып,еске түсіру.Оқушыларды 4 топқа бөліп,топтарға райлардың атын беру.

Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақытылы бағалап отырады.

V. Дамыту кезеңі.

1. 181-жаттығудың етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.



Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ).

Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)

Біздің бекінісіміз ойпңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).

Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:

«Жылаған шешемен бірге жыласа,жігіттің жігіт боланы қайсы,өйтсе,кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».

2. 182-жаттығу. а) Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».

ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.

3. Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына : «Шалқар – адалдық пен адамдықтың,кііліктің алдында тік тұратын,қыздарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп абылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,

«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп,шашын төбесіне түйіп,есікті кілттеп далаға шықты».

Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап,бұйрық райға айналдыру.



«Шартты рай» тобына :

«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам,атам жараған болар,

Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар,

Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар».

Ер жігіт айтпайды.

Айтса,қайтпайды.

Оқи берсең көзің ашылады,

Отыра берсең,жалқаулық басынады.

Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

Тіл тас жарады,

Та жармаса,бас жарады.

Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып,ашық райға айналдыр.



«Бұйрық рай» тобына:

«Арлы-ожданды бол!

Намысыңды жастан сақта!

Халқыңды алалама!

Жақыныңды жаралама!

«Құдай жарылқасын,бай қылсын,

Төрт түлігін сай қылсын!»

«Малды теппе,Ақты төкпе».

«Есікті қатты қақпа,қатты серпіп жаппа».

«Кетпес дәулет берсін,Кең пейіл берсін».

Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып,қалау райға айналдыру.

«Қалау рай» тобына:

«Дұғай сәлем бергейсің,

Ағам Есет беренге.

Бекет қайда дегенге,

Бекет кетті дегейсің

Шықпайтұғын тереңге».


Гүлі сұлу орманды

Сусатпағым келеді.

Жүзі жылы жандарды

Құшақтағым келеді.


Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұлын

Өзі билеп тұрса игі.


Мәтіндерден қалау райды етістіктерді тауып,шарты райға айналдыру.

Досы көпті ...

Елдің атын ...

Айтпас жерде сөзіңді ...

өнерлі жан өрге ...

Көп нүктенің орнына тиісті қалау райлы етістік қойып,көшіріп жазу.

4. «Қазымыр» ойыны.Әр топтан бір оқушы тұрып,келесі топқа сұрақ қояды.Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.


  1. «Түйін түю» стратегиясы.Топ басшылары топ аттарына лайық рай түрлерінің жасалу жолдарын қолдарына берілген стрелка үлгісінде қиылған қағазға толтырып,тақтадағы «рай» деген сөздің айналасына ретімен іледі.

  2. Үйге тапсырма. 183-жаттығу.Рай түрлерін қайталау.

  3. Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,

Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Султанова София Сагитовна

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау; тәрбиелік – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, батыр киімі, қару-жарағы, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, «Еліміздің рәміздері» тақырыбындағы буклет, М.Қалымовтың «Исатай-Махамбет» атты суреті, үнтаспа, Жәңгір ханның суреті, хронологиялық таблица жазылған плакат бет.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

1. Кріспе.



а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын сұрау тест әдісі бойынша жүреді.

3. Жаңа сабақ өту.

Оқушылардың назарын батырдың киімдері мен қару-жарақтарына аударту арқылы Махамбеттің портретін көрсетіп, бұл киімдерді тек батырлар киетініне түсінік беру.

Оқушылардың төменгі сыныптарда «Махамбеттің тапқырлығы» атты мәтінмен, ал 3-сыныпта Қ.Жұмалиевтің «Махамбет пен Жақия» әңгімесімен танысқандарын естеріне түсіріп, Махамбеттің бойындағы өжеттік, тапқырлық, батырлық, ержүректік қасиеттерімен таныс екендіктерін айтып, енді Махамбетті ақындық, күйшілік, сазгерлік, домбырашылық қырынан таныту.

- Бүгін балалар, біз Махамбетті басқа қырынан танимыз, ақынның өлеңдерімен танысамыз. Демек, Махамбет әрі батыр, әрі ақын екен. Оған оның көптеген өлеңдері дәлел бола алады.

Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.

Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.

Сонымен қатар күйші-сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран,Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т.б. күйлері бар.

Электронды оқулықтан Махамбеттің шыққан тегі, өскен ортасы, өмірінен мәліметтер беріледі.

- Балалар, біз бүгін Махамбеттің «Соғыс» атты өлеңін өтеміз. Өлеңді оқымас бұрын сұрақтар беремін.

1. «Соғыс» деген сөзді естігенде есімізге не түседі?

2. Қандай сезімде боласың?

Оқушылар әр түрлі жауаптар, пікірлер айтады. Осыдан кейін Мұқағали Мақатаевтың «Соғыс» деген өлеңінен үзінді оқылады да, сосын Махамбеттің «Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқимын.

Хронологиялық кестені пайдалана отырып, көтерілістің шығу себебін, оқиғаның болған уақыты жайында айтылады.

Исатай мен Махамбет халықты хан-сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтереді.

Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер-суынан, еркінен арылуы, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2-қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына шабуыл жасайды. 1838 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.

Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.

Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар хаплық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.

Қосымша атқарылатын жұмыстар

1. Өлеңнен Исатайдың ерлік бейнесін суреттейтін жерді тауып, дәптерге жазу.

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды.
Астына мінген Ақтабан

Ақбөкендей ойнайды.

Қасына ерген көп әскер

Маңыраған қойдай шулайды.

2.. Өлеңнен тұрақты тіркесті тауып, білдіретін мағынасын ашу.

3. Өлеңдегі эпитет, метафора, теңеу сөздерді тауып талдау.

4. Өлең шумақтарында омоним бола алатын сөздерді табу, әр түрлі мағыналарына мысалдар келтіру.

Сабақтың қорытындысы.

- Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?

Бүгінде Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз жүзеге асуда. Келешек ұрпақ Махамбеттің аманатын орындалады. Талай ғасырлар бойы темір құрсауда болған қазақ халқы ел жастарының бірігуімен тәуелсіздігін алды (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтылады.)


Қазақстан қазіргі таңда егемен , тәуелсіз мемлекет. (Еліміздің рәміздері туралы айтылады.)

Тәуелсіздік – қасиетті де қастерлі ұғым.

Сағи Жиенбаевтың «Елім менің» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Бекболат Тілеуханның сөзіне жазылған «Елім менің» әнін хормен сынып оқушылары орындайды.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,

Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Султанова София Сагитовна


Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Cабақтың тақырыбы: Абай шығармашылығы туралы (сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) студенттерді адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру,ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: буклет,шрифтограммалар,кітаптар,ойындар және өлең жазылған плакаттар.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу,жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,проблемалық,сайыс т.б.

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу 2.Өтілген материалдарды жинақтау:оқытушының кіріспе сөзі.
Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп,жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы,алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.Абай мұралары – адамгершіліктің,имандылықтың,биік парасаттылықтың асыл қазынасы.Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау,жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.

Топ мүшелері Ибраһим,Абай,Телғара деген атпен үш топқа бөлініп,өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.


Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар «әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек).
Ибраһим тобына
1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
Абай тобына.


  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)

  6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)


Телғара тобына
1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)

3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдфң баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)



7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
Шрифтограммаларымен жұмыс.

1. «Шахмат атының жүрісімен»




н

қ.



І

ң.



с

р

е

з




я

ы




с

о

а

а

г




ы

л






д

с

а




а

л




н

ы

м.

й




б

з

д

а.

а

ұ

т

ә

ғ

л

о

т

ұ

ғ

ы

а

б

ы




з

р

б

ЗД

а.






о

Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «мәз болады болысың», «Қыс»).


2. «Белгілі бір жүйемен»




ү

к

м

т

ө

а

м

р

а

і

л

е

в

и

л

Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, «Абай афоризмінің» авторының аты-жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).


Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)


Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)


Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

--------------------- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)


Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)


Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)


Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)


Шығармашылық жұмыс

1.Абайдың атын басқаша өзгерт.

а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

ә) «Ғылым таппай мақтанба»

б) «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы».


2.Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)

-------------------------- Пайда ойлама,ар ойла,

-------------------------- Талап қыл артық білуге.

Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------



Үйретуден балаға. --------------------------
Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасын беру. Шығарма ( «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»).
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу