Сабақ жоспары
Бекітемін:
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты: білімділік: Етістік осы шақтың түрлері, нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақ
туралы білімді дамыту
тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау, экологиялық мәдениет қалыптастыру;
дамытушылық: Жұппен, жекелей жұмыс үстінде танымдық, білімдідлік қабілеттерін байқау, ойлау, ой қорытындысын жасау мүкіндіктерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жаттығу жұмыстары
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
оқушымен сәлемдесу;
сабаққа қажетті құралдарын дайындау;
назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.
«Достық – татаулық белгісі», «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбындағы ой толғауын оқыту.
Жаңа сабақ
Етістіктің шақтарының жасалу жолдары
|
Есімші тұлғалы (-ған, -ар,...) етістіктерден бар-ған, бар-ар, бар-мас, бар-атын.
Көсемше тұлғалы етістікке (-ып, -а) жіктік жалғауы жалғануы арқылы: кел-іп-ті, бар-а-сың
|
2. Етістіктің түбіріне тікелей –ды, ді, -ты, -ті және –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: кел-ді, бар-мақ
|
3. Күрделі етістікте де төмендегідей тұлғаларда беріліп отырады: бар-ып, кел-іп-сің, бар-мақ, бол-ды
|
Біз етісіктің шақтары сөйлеп тұрған сәтпен байланысты үш түрге бөлетінін байқадық: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Мысалы: Алматыда тұрамын, ертеректе ауылда тұрғанмын, енді Астанаға қоныс аудармақпын.
Енді өскенмін, өсермін, өсемін, өсіппін, өспекпін деген мысалды алсақ. Іс-қимылдың мезгілін білдірумен қатар етістіктің жіктеліп тұрғанын байқайсыңдар.
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен келгенмін, келермін
|
Біз келгенбіз, келерміз
|
ІІ
|
Сен келгенсің, келерсің
|
Сендер келгенсіңдер, келерсіңдер
|
ІІ
|
Сіз келгенсіз, келерсіз
|
Сіздер келерсіздер, келгенсіздер
|
ІІІ
|
Ол келен, келер
|
Олар келер, келген
|
Жаңа сабақты бекіту
Кітаппен жұмыс
124-жаттығу. 1. Мәтінді тұтас оқып шығыңдар. Ондағы кісі аттары мен елді мекен атаулары арасындағы байланыс туралы ой толғаңдар. 2. Қарамен жазылған сөздерді талдап, етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңдар
Дәптермен жұмыс
125-жаттығу. Мәтіннен негізгі, күрделі, дара етістікткрді теріп жазыңдар, олардың қай шақта тұрғанын жанына жазып көрсетіңдер.
126-жаттығу. Өлең жодарындағы етістіктерді төмендегі үлгіге қарап, кесте бойынша көшіріп жазыңдар.
Үйге тапсырма
Сөйлемді үш жақа өзгертіп, түрлендіріп жазу
Бағалау
Баланың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалау
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |