Етістіктің шақтарынан алған білімін бекіту. Шығармашылықпен жұмыс жасап, сөздік қорын арттыру. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Танымдық қабілетін арттыру.
Сілтеме:
1.МАН
2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі
3.7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. Авторлары:Г.Қосымова, С.Исаев «Атамұра» Алматы, 2012ж. және Г.Тұрсынова, А.Қасымбек, А.Нұрғазы «Арман-ПВ» Астана, 2012ж.
Күтілетін нәтиже:
Етістіктің шақтарынан алған білімін пысықтап, жинақтайды. Жаттығулар орындау барысында өзбетіндік қабілетін жетілдіріп, өз ойын еркін айтуға дағдыланады. Сабақ барысында шығармашылық қабілетін жетілдіреді.
Негізгі идеялар:
Әрбір адам еңбек етуге, еңбегінің жемісін көруге, білімімен танылуға мүмкіндігі бар.
Етістіктің шақтары орындалу кезеңіне байланысты 3-ке бөлінеді. Олар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.