Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет1/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
annotation169249




Үсенбекова А.Е

КЕСТЕЛІ
БИОЛОГИЯ
Оқу құралы
ІІ Бөлім - жануартану

Алматы, 2018


УДК
ББК
У
Пікір жазғандар:
Н.К.Аралбаев – биология ғылымдарының докторы, профессор
С.Т.Назарбекова – биология ғылымдарының кандидаты, доцент
А.С.Нурмаханова - биология РһD
Қазақстан Республикасы Білім Беру Ісінің Үздігі
Үсенбекова Айнагүл Ермекбайқызы
У Кестелі Биология. Оқу құралы. ІІ Бөлім - жануартану
Алматы, 2018ж –*** б.
ISBN
УДК
ББК
Бұл оқу құралы 7 сынып оқушылары мен жоғарғы оқу орындарына түсуші – ҰБТ және ТКТ тапсырушыларға, дайындық курсында оқитын тыңдаушыларға, сонымен қатар 9-сынып оқушыларының ОЖСБ тапсыруларына көп көмек береді. Биология пәні бойынша өтілген тақырыптарды пысықтап, алған білімін нығайтатын көмекші құрал. Сонымен қатар, биология пәні мұғалімінің жұмысын жеңілдетуге және оқушының білім деңгейін бақылау мақсатында да аса маңызды орны бар оқу құралы. Тақырыптар реті оқулықтың құрылысын сақтай отырып жазылды
Оқу құралын көшіріп басуға тиым салынған және барлық құқығы қорғалған. Көшірілген жағдайда заңмен қудаланады.

© Усенбекова А.Е, 2018


ISBN

Алғы сөз

«Кестелі Биология ІІ Бөлім - жануартану» атты оқу құралы Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, К.Жүнісқызы, А.Соловьеваның Алматы қ. «Атамұра» баспасынан 2016 ж. жарық көрген жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған биология оқулығы негізінде құрастырылды. Оқулықта берілген тараулар мен тақырыптардың мазмұны толық қамтылды.


Аталған оқу құралымен даярлану оқулықтың толық мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, сұрақтар тарау, тақырыптар және тақырып мазмұнының реті бойынша құрастырылып жазылды.
Бұл оқу құралы биология, медицина, экология, агрохимия, т.б. мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарына түсуші – ҰБТ және ТКТ тапсырушыларға, дайындық курсында оқитын тыңдаушыларға, және де қатар 9-сы сынып оқушыларының ОЖСБ тапсыруларына көп көмек берері сөзсіз. Ал биология пәні мұғалімінің жұмысын жеңілдетуге, оқушының білім деңгейін бақылау мақсатында да аса маңызды орны бар екенін де қоса айтуға болады.

Кіріспе

Биология (гр. «биос»-тіршілік, «логос»-ғылым) – тірі ағзаларды, шығу тегін, дамуын, құрылысын, таралуын, өлі табиғатпен байланысын зерт тейтін ғылым. «Биология» термині 1802 ж Ж.Б.Ламарктің жарық көрген «Гидробиология» еңбегінен бастап қолданыла бастады. Биология ғылымының жануарларды зерттейтін саласы – зоология деп аталады, ол грекше «зоо» - жануар деген ұғым береді. Зоология жануарлардың құрылысын, Жер бетінде таралуын, көбеюін, олардың бір – бірімен өзара байланысын және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін биологияның саласы. Жануарлар дүниесі жер бетінде кең таралған, қазіргі кезде жануарлардың 1,5 млн – ға жуық түрі бар деп есептеледі. Олар ылғалы мол далалы аймақтарда, ыстық шөлді аудандарда, биік таулардың қарлы басында, тау беткейлерінде, тау етегінде, өзен – көлдерде, мұхиттарда, тіпті топырақ қойнауында да таралған. Жануарлардың алуан түрлілігі соншалық, вирустардың 900 түрі, бунақденелілердің 1 млн, біржасушалылардың 70 мың, балықтардың 20 мың, қосмекенділердің 6 мың, жорғалаушылардың 9 400, құстардың 8 600, сүтқректілердің 4 мың түрі кездеседі.


Биология ғылымының тірі табиғатты зерттейтін зоологиядан басқа да көптеген салалары бар, олар – анатомия, генетика, экология, палеоботаника, жүйелеу, геоботаника, физиология, фитопатология, цитология, биохимия, биотехнология, т.б.
Сонымен қатар жануарлардың түрлетін жеке зерттейтін көптеген салалары жұмыс жасайды. Ендеше, жануарлар дүниесімен танысайық




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет