Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет14/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
annotation169249

Тіршілік ортасы

Мұхит, теңіздер

Дене құрылысы

Тұрқы 20 см - 20м. Салмағы 14 т-ға дейін. Денесі жұмыр, басы созылып тұмсықпен бітеді. Желбезек қақпағы жоқ. Денесі плакоидты қабыршақпен қапталған. Торсылдағы болмайды

Қаңқасы

Шеміршектен тұрады.

Тыныс алу мүшесі

5 – 7 жұп желбезектері

Көбеюі

Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Аналығы уылдырық шашады, кебірі тірі туады (катран).

Маңызы

Бауырынан техникалық май өндіріледі. Еті жеуге жарамды.

Өкілдері

Акула, катран, көк акула, алып акула,аратұмсық акула, жолақ акула т.б.



Скаттар (жұпбалықтар, тұтасқанаттылар) отряды



Жер шарындаңы түр саны

350-ге жуық түр

Тіршілік ортасы

Мұхиттар, теңіздер жағасы, тереңі, түбі.

Дене құрылысы

Пішіні тегеріш не ромб тәрізді жалпақ. Тұрқы 6-7 м. Салмағы 2 т-ға жуық.

Қаңқасы

Шеміршекті

Тыныс алу мүшесі

Желбезек саңылауы құрсақ жағында орналасқан.

Ерекшелігі

Кейбірі электрлі, кернеуі 8 – 220 вольтқа дейін болады.

Өкілдері

Жұпбалық (скат), манта, қазыққұйрық, т.б.



Тұтасбастылар отряды



Жер шарындағы түр саны

30-ға жуық

Тіршілік ортасы

Теңіздердің терең қабаты

Дене құрылысы

Пішіні ұзынша ұршық тәрізді. Терісінде қабыршақтар болмайды.

Қорегі

Су тереңіндегі жәндіктері

Көбеюі

Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Уылдырығы қалың қабықпен қапталған.

Өкілдері

Еуропа тұтасбасы, т.б.

Сүйекті балықтар класы



Жер бетіндегі түр саны

20 000 – нан астам түр. (33 отряд, 420 тұқымдас кіреді).

Тіршілік ортасы

Теңіздер, өзен, көлдер

Класс тармағы

1.Сәулеқанаттылар 2Саусаққанаттылар



Денесі

Бас, тұлға, құйрық



Тері жабыны

Қабыршақтармен қапталған, олар циклоидті және тікенекті ктеноидт і болады. Қабыршағындағы сызықтар балық жасын анықтайды. (Кейбірінде қабыршақ болмайды).

Тыныс алу мүшесі

Желбезектер, ол сүйекті қақпақпен жабылған.

Қозғалу мүшесі

Жүзбеқанаттар:
1.Дара жүзбеқанаттар – арқа, аналь, құйрық жүзбеқанаттары. 2.Жұп жүзбеқанаттар - құрсақ, көкірек жүзбеқанаттары.

Қаңқасы

Қаңқасы толық сүйектенген. Бассүйек, омыртқа жотасы, жүзбеқанат сүйектері.



Ас қорыту жүйесі

Ауыз→жұтқыншақ→өңеш→қарын→ алдыңғы→ортаңғы→артқы ішек→ аналь тесігі. Бауыр, ұйқыбезі өзегі аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады.
Ауызында тістері бар, ал тұқы балықтардың желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері болады.

Торсылдақ

Торсылдақ – ас қорыту жүйесінің өскіні, жүзгіштігін реттейді және дыбыс толқынын күшейткіш резонатор.

Қан айналымы

Қан айналымы бір шеңбер, тұйық болады. Жүрегі екі бөлікті – бір қарынша, бір құлақша.
Вена тамыры қанды жүрекке әкеледі, артерия тамыры қанды жүректен алып шығады.

Зәр шығару жүйесі

Таспа тәрізді 2 бүйрек Алғаш рет қуық пайда болған.

Жүйке жүйесі

Ми мен жұлын. Миы бес бөлікті – алдыңғы ми, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, сопақша ми.

Сезім мүшелері

Екі көз, екі танау тесігі, дәм сезу, сипап сезу, есту мүшесі, бүйір сызығы.
Сипап сезу мүшесі – мұрты.
Бүйір сызығы арқылы су ағынын, қысымын, температурасын, таяп келе жатқан нәрселерді сезеді.

Рефлексі

Шартты және шартсыз рефлекстері бар.

Көбеюі

Дара жынысты кебірі қос жынысты. Аналығы суға уылдырық шашады. Кейбір балық уылдырық шашу үшін өрістейді (майшабақ, бекіре, албырт тұқымдастар). Аталығы арнайы безінен құрамында сперматозоиді бар шоғал деп аталатын сұйықтық бөледі. Ұрықтану суда жүреді. Кейбірі тірі туады.



Сүйекті балықтардың кейбір отядтары



Латимериятәрізділер отряды-саусаққанатты балықтар

Латимерия девон, карбон дәуірінде тіршілік етіп, бор соңында жойылып кетті деп есептелген балық. Ол 1938 ж Үнді мұхитының Африка жағалауынан алғаш табылған. Тұрқы 125-180 см, салмағы 25-80 кг. Желісі өмір бойы сақталады. Жүзбеқанаттарының қаңқасы 5 саусақты аяқтарға ұқсас. Танау тесіктері жоқ. Торсылдағы нашар жетілген. Тістері өткір, жыртқыш балық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет