Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет15/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
annotation169249

Бекіретәрізділер отряды

Өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан балықтар. Еті, уылдырығы құнды. Тұмсығымен тұнбадан жемін табады. Көпшілігі өрістегіш балықтар. Өкілдері – бекіре, қортпа, т.б.

Майшабақтәрізділер отряды

Көпшілігі теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Бүйір сызығы болмайды.Желбезек қақпағында бүйір сызық қызметін атқаратын өзегі бар. Өкілдері – қарынсау, қылқа, сардинка, түлкібалық, еділ майшабағы, т.б.

Албырттәрізділер отряды

27 тұқымдас кіреді. Ерекшелігі – құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты бар. Көпшілігі өрістегіш балықтар. Өкілдері – албырт, жеңсік, кета, нерпа, құнысбалық, аққасқа, шортан, қиярбалық, т.б.

Тұқытәрізділер отряды

3000-ға жуық түрі бар. ҚР-д а 180 түрі бар. Өкілдері – сазан, табан, қаракөз, оңғақ, тұрпа, шемей, қызылқанат, қаяз, Іле шармайы, т.б.

Сетінектер(трескалар) отряды

Солтүстік жарты шардың қоңыржай және арктикалық теңіздерінде таралған. Кептірілген еті сытырлап ыдырайды. Кәсіптік мәні зор. Еті, бауыр майы бағалы. Бауырынан балық майы алынады. Майында Д витамині көп.

Көзауықтар(камбалалар) отряды

Теңіз түбінде тіршілік етеді. Денесі жалпақ. Арал теңізіне жерсіндірілген түрлері – тілбейне, қалқан.

Қостынысты балықтар

Африка, Аустралия өзендерінде және Амозонка өзенінде таралған. Өкпесімен де желбезегімен де тыныс алады. Торсылдағы өкпеге айналған.Тұрқы 30 см – 2 м. Жүзбеқанаттары нашар дамыған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет