Бұлшықеті
|
350 жеке бұлшықеттерден құралған.
|
Тыныс алуы.
|
1.Ересектері өкпесімен, (суда қосымша терісімен) ауадағы оттегімен тыныс алады.
2.Дернәсілдері желбезек арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Ауыз→ жұтқыншақ қуыс- аңқа→өңеш→қарын→ішек→тоқ ішек→ клоака.
Бауыр өті мен ұйқы безінің сөлі ішекке ашылады. Сілекей безі алғаш пайда болған, өзегі ауыз қуысына ашылады.
Тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі ауызының алдыңа бекіген, ұщы артқа қайырылып бос жатады.
|
Қан айналым жүйесі
|
Салқын қанды. Қанайналымы екі шеңбер – кіші және үлкен:
1.Үлкен қанайналым шеңбері қарыншадан басталып, оң жақ құлақшаға құяды.
2.Кіші қан айналым шеңбері қарыншадан шығып, теріден, өкпеден келіп, сол жақ құлақшаға құяды.
Жүрегі 3 бөлікті (1 қарынша 2 құлақша).
Дернәсілінің жүрегі 2 бөлікті, қанайналымы бір шеңбер.
Алғаш кіші қанайналым шеңбері пайда болған.
Денесінде көк тамыр және салатамыр қаны аралас таралады, сондықтан дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді.
|
Зәр шығару жүйесі
|
Ұзынша келген 2 бүйрек, 2 несепағар, қуық.
|
Жүйке жүйесі
|
Ми және жұлын. Миы 5 бөлікті – алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Мишығы нашар жетілген. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
|
Сезім мүшелері
|
1.Екі көзі, ( көз бұршағы қос дөңесті линза тәрізді, қабақтары жақсы жетілген).
2.Есту мүшесі - дабыл жарғақшасы, ортаңғы құлақ, үш түтікшелі ішкі құлақ. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі бар. Ең алғаш ортаңғы құлақ пайда болған.
3.Иіс сезу және дәм сезуі нашар дамыған.
|
Көбеюі.
|
Дара жынысты. Аналығы суға уылдырық шашады, ұрықтану суда жүреді, көпшілігі сырттай ұрықтанады. Дернәсілі суда түрленіп дамиды. Оны шөмішбалық не итшабақ деп атайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |