Зәр шығару жүйесі
|
Екі бүйрек, екі несепағар бүйректен тікелей клоакаға ашылады. Қуығы жоқ.
|
Көбею мүшесі
|
Дара жынысты. Іштей ұрықтанады. Мекиеннің аналық безі, жұмыртқа жолы сол жағында 1-еу ғана болады. Қораздың аталық безі, тұқымжолы 2-еу.
|
Балапандарының түрлері
|
Жұмыртқадан шыққан балапандарды 2 топқа бөледі – ширақ және қызылшақа балапан.
Ширақ балапан – үлпілдек қауырсынды, ширақ, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетін жасайды. Мысалы, тауықтәріздестер, қазтәріздестер, түйеқұстар балапандары.
Қызылшақа балапан – әлсіз, көзі ашылмаған, қауырсыны жетілмеген, құлақ тесігі бітеу болады.
Мысалы: кептер, торғайтәріздестер, тоқылдақ, тотытәріздестер, қарға, ұзақ, сарышымшық, жыртқыш құстар балапаны.
|
Құс жұмыртқасының құрылысы
Қабығы
|
Әкқабық – сарыуыз бен ақуызды(нәруызды) кеуіп кетуден және салқындаудан қорғайды. Әкқабықта газ алмасуға жағдай жасайтын ұсақ шұрықтар болады және сыртын микроб пен сұйықтың енуінен қорғайтын жұқа қабықша жауып жатады.
|
Әкқабық астындағы 2 жұқа қабықша
|
1-еуі: әкқабықты астарлап жатады
2 – шісі ақуызды(нәруызды) қаптап жатады.
|
Ауалы қуыс
|
Жұмыртқаның доғал жағында 2 жұқа қабықшаның ажырауынан түзілген, ұрық тыныс алатын ауалы қуыс бар.
|
Сарыуыз
|
Өзіне тән қабықшасы бар сарыуызды 2 жағынан арқаншалар(халаза) жұмыртқаның дәл ортасында орналастырады. Сарыуызда ұрықтың дамуы бастау алатын ұрық табақшасы(тегершігі) орналасқан
|
Ақуыз (нәруыз)
|
Сарыуыз бен жұқа қабықша аралығын толтырып тұратын қоймалжың, мөлдір сұйықтық. Ол- ұрықтың дамуына қажетті су қоры.
|
Достарыңызбен бөлісу: |