Үсенбекова А. Е кестелі биология


Аяқсыз қосмекенділер отряды



бет19/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
annotation169249
00003f17-5294198c, 00003f17-5294198c, ТПП 20-20 Омарова,Өмірзақ слайд-3, силы в механике
Аяқсыз қосмекенділер отряды



Жер шарындағы түр саны

170-ке жуық түрі бар

Тіршілік ортасы

Жер астында ін қазып тіршілік етеді. (Африка, үндістан, Америка, Цейлон)

Дене құрылысы

Құрт тәрізді созылыңқы, аяқтары жойылған.

Жабыны

Жұқа тері, терісінде бездері өте көп.

Ерекшелігі

Көздері, дабыл жарғағ ы болмайды.

Көбеюі

Іштей ұрықтанады



Құйрықты қосмекенділер отряды



Жер шарындағы түр саны

350-ге жуық түр

Тіршілік ортасы

Биік таулы өзендер (Жетісу Жоңғар Алатауы, оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендері).

Дене құрылысы

Денесі созылыңқы, құйрығы айқын байқалады. Төрт аяғы бар.

Көбеюі

Негізінен сырттай, кейбірі іштей ұрықтанады.

Өкілдері

Теңбіл саламандра, сібірлік бұрыштіс, жалды тритон, Жетісу бақатісі, т.б.

Қызыл Кітапқа тіркелген түрлер

ХТҚО-ның және ҚР-ның Қызыл кітабына (1996ж) Жетісу бақатысы тіркелген.



Құйрықсыз қосмекенділер отряды



Жер шарындағы түр саны

3 500-дей түр

Тіршілік ортасы

Дымқыл жерлер мен сулы орта

Дене құрылысы

Бас, тұлға, 4 аяқ, ересегінде құйрық болмайды. Артқы аяқтар ы жақсы дамыған және ұзын. Саусақтары арасында терілі жарғақ бар.

Қызыл Кітапқа тіркелген түрлер

ҚР-ны ң Қызыл Кітабына тіркелген:
1.Даната құрбақасы (1996ж).
2.Қызылаяқ бақа (1996ж).

Жорғалаушылар класы

Жер шарындағы түр саны

8 000 түр

Тіршілік ортасы

Тек құрлық. Суда тіршілік ететін түрлері екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген, тек өкпесімен тыныс алады.

Негізгі отрядтары

1.Тұмсықбастылар отряды.
2.Қабыршақтылар отряды.
3.Тасбақалар отряды.
4.Крокодилдер отряды.

Пайда болды

Палеозойда пайда болған. 165 млн жылға созылған мезозой заманы «Жорғалаушылар ғасыры» деп аталады.
Жорғалаушылар эволюциясының 1-ші тармағында тасбақалар шықты, 2-ші тармағында кесірткелер шықты. Мезозойда ұшатын түрлері болған.

Дене құрылысы

Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан (саусақ ұшында мүйізді тырнақтары бар). Жыландар және аяқсыз кесірткелерде аяқтары болмайды.

Тері жабыны

Терісі – мүйізді, қабыршақты, үнемі құрғақ, бездері өте аз немесе болмайды, өсу кезінде – терісі түсіп, түлейді

Тыныс алу жүйесі

Екі өкпе, кеңірдек, ауа тамыр

Қан айналым жүйесі

Салқынқанды. Дене температурас ы тұрақсыз. Қанайналымы тұйық, 2 шеңбер, кіші және үлкен қанайналым шеңберлері. Жүрегі – үш қуысты, 1 қарынша (жартылай пердемен бөлінген), 2 құлақша (Крокодил жүрегі 4 қуысты -2 құлақша,2 қарынша). Денесінде аралас қан ағады (артерия қаны көбірек).

Қаңқасы

Бес бөлімнен тұрады – бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Ең алғаш кеуде қуысы пада болған. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз және құйрық бөлімнен тұрады.



Бұлшықеті

Күрделі қозғалысқа байланысты жақсы жетілген, жақсүйек, мойын, кеуде қуысы, аяқтарында дамыған.



Ас қорыту жүйесі

Ауыз→жұтқыншақ→өңеш→ қарын→ ішек→клоака.
Бауыр, өт сұйықтығы, ұйқы безі қатысады

Тыныс алу жүйесі

Тек өкпесімен тыныс алады. Жұп танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, өкпе, ауа тамырлар.

Жүйке жүйесі

Ми және жұлын. Миы 5 бөлімнен тұрады - алдыңғы ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми.

Зәр шығару жүйесі

Екі бүйрек

Сезім мүшелері

1.Танау тесіктері (иіс сезеді). 2.Екі көзі. 3.Тілі. 4.Есту мүшесі(ішкі, ортаңғы құлақ) .

Көбеюі

Тұңғыш ұрыққапты жануарлар.Дара жынысты, іштей ұрықтанады, жұмыртқалайды, кейбір түрі тірі туады (қалқантұмсық және сұржылан) Дернәсілі түрленбейді, ересектеріне ұқсас болады.



Қабыршақтылар отряды


Кесіртке



Тіршілік ортасы

Ашық дала, орманды, таулы жерлер

Дене құрылысы

Тұрқы 15 – 20 см. Басы, жуан мойыны бар, жұмыр денесі құйрыққа жалғасады.

Жабыны

Терісі құрғақ, қабыршақпен қапталған.

Бұлшықеті

Мойын, құрсақ, кеуде бұлшықеттері жақсы дамыған

Қаңқасы

Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Ең алғаш кеуде қуысы пада болған. Омыртқа жотасы мойын, арқа, бел, сегізкөз және құйрық бөлімнен тұрады.



Тыныс алу мүшесі

Тек өкпесімен тыныс алады

Қанайналымы

Екі шеңбер - үлкен және кіші. Жүрегі 3 бөлікті, 2 құлақша, 1 қарынша. Қарыншасы жартылай пердемен бөлінген.

Жүйке жүйесі

Ми және жұлын. Миы 5 бөлікті – алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми.

Сезім мүшелері

1.Екі көз, көзінде ылғалдап, қорғайтын жыпылықтағыш жарғақ – үшінші қабақ бар.
2.Есту мүшесі - ортаңғы және ішкі құлақ
3.Сипап сезу мүшесі - айыр тілі
4.Иіс және дәм сезу мүшелері бар

Зәр шығару мүшесі



Екі бүйрек

Көбеюі

Іштей ұрықтанады, аналығы терімен қапталған 6 – 16 жұмыртқа туады.

Регенерацияға қабілеті

Жақсы дамыған.

Кесірткенің басқа да түрлері

Шұбар батбат, келес, зайсандық батбат, үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке, сұр келес, сарлан (аяқсыз кесіртке), т.б.









Жыландар



Жер шарындағы түр саны

3000 – ға жуық түр. ҚР-да 19 түр

Тіршілік ортасы

Екі полюстен басқа барлық жерлерде таралған

Дене құрылысы

Бас, тұлға, құйрық. Аяқтары жоқ. Жақсүйегі сіңір арқылы байланысқан созылмалы, бас бөлігіндегі көптеген сүйеткр қозғалмалы байланысқан, сондықтан қорегін бітеу жұтады.

Қозғалуы

Ирелеңдеп қозғалады, себебі қабырғаларының төменгі ұшы бос жатады.

Өкілдері

Қаражылан, қалқантұмсық, атпажылан, дала сұржыланы, сарыбас жылан, абжылан, оқжылан, т.б.

Қазақстанда кездесетін 4 улы жылан түрлері

Кәдімгі сұр жылан, дала сұржыланы, қалқантұмсық, қаражылан.

ҚР-ның Қызыл Кітабына тіркелген түрлер

Сарықарын абжылан, қызылжолақ абжылан, жолақ абжылан, төртжолақты абжылан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет