Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет29/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
annotation169249

Тіршілік ортасы

Аустралия, Жаңа Гвинея, Тасманияда таралдған.

Ерекшелігі

Баласын тірі тумайды, жұмыртқалайды.

Өкілдері

Екі тұқымдасты қамтиды:
1.Үйректұмсық тұқымдасы.
2.Түрпі тұқымдасы.

Үйректұмсық тұқымдасының түр саны және сипаттамасы

1 ғана түр кіреді – ол үйректұмсық. Суда жүзіп тіршілік етеді. Тұрқы 60 см, үлбірі қоңыр түсті, тұмсығы үйрек тұмсығына ұқсас. Құлақ қалқаны жоқ, қағанағы жоқ. Клоакасы болады. Дене температурасы +25ОС шамасында.
Қорегі: су түбіндегі құрттар, шаянтәрізділер, ұлулар.
Көбеюі: Аналығы тері қабықшалы 1-3 жұмыртқасын ұясына салып, 10 күндей басып, ұрпағын өрбітеді, оны сүтімен асырайды.

Түрпі тұқымдасының түр саны және сипаттамасы

4 түрі бар. Солардың бірі – түрпі мен түрпітек. Түрпі тек құрлықта ғана тіршілік етеді. Ін қазбайды. Денесін сояутікенек жауып тұрады, жауынан домалана қалып қорғанады.Тұрқы 40 см. Клоакалы. Дене температурасы +30ОС шамасында. Қағанағы жоқ.
Қорегі: құмырысқа, термит, бунақденелілер. Түрпітек сояулары қысқалау, ұзын тұмсығы имектеу болады. Жаңа Гвинеяда тіршілік етеді.
Көбеюі: түрпі және түрпітек жұмыртқалайды, оны арнаулы қалтасында сақтап, ұрпағын өрбітеді.

Қалталы сүтқоректілер



Жер шарындағы түр саны

200 – ге жуық түр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет