Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет31/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
annotation169249
00003f17-5294198c, 00003f17-5294198c, ТПП 20-20 Омарова,Өмірзақ слайд-3, силы в механике
Ұшатын сүтқоректілер ***



Негізгі отрядтары

Жүнқанаттылар отряды. Қолқанаттылар отряды

Жүнқанаттылар отрядының қысқаша сипаттамасы

Жүнқанаттылар ежелгі бунақденеқоректілерден бөлініп шыққан. Бір ғана түрі - ұшпарух Филиппин аралдарында кездеседі. Денесін қалың түк қаптайды. Тұрқы 42 см, құйрығының ұзындығы 27 см. Салмағы 1,7 кг. Ол күндіз ағаш бұтағын қармап денесін салбыратып тұрады. Ол 50 – 60 м дейін қалықтап ұша алады. Қорегі – ағаш жапырағы, бүрлері, жемістері. 1 ғана бала туып, сүтімен асырайды.

Қолқанаттылар отрядының қысқаша сипаттамасы

1000-ға жуық түрді қамтиды. 2 отряд тармағы бар:
1.Самғауықтар отряды (130-ға жуық түрі бар), өкілі – түлкібас.
2.Жарқанаттар отряды(800-ге тарта түрі бар). Өкілінің бірі – жарқанат, қарқанқұлақ қатпарерін жарқанат (ҚР-ның Қызыл Кітабына тіркелген).
Жарқанаттың тұрқы 25 – 40 см. Құлағы үлкен, денесі шағын, тістер і өткір. Төссүйегінде қыр төсі болады. Қанатындағы жарғағы түксіз, денесін түк қаптаған. Терісінде иіс шығаратын бездері бар. Көзі нашар көреді. Есту және сипап сезімі күшті дамыған және айналасын өте жоғары толқынды дыбыстар арқылы бағдарлайды. Қорегі – негізінен бунақденелілер. 1 не 2 бала туып, сүтімен асырайды.



Кемірушілер отряды



Жер шарындағы түр саны

2500-ге жуық түрі бар (ҚР-да 80-нен аса түр)

Тіршілік ортасы

Құрлықта, топырақта ін қазады, кейбірі суда, орманда кездеседі.

Өкілдері

Судоңыз, қосаяқ, құндыз, аламан, егеуқұйрық, сұр тышқан, жайра, борша, көксуыр, қалқанқұлақ (жалман), алып соқыртышқан, кәмшат, т.б.

Көк суыр

Тянь – Шань –да шағын аймақта кездеседі. Ол Ақсу – Жабағылы қорығында және Сайрам-өгем Ұлттық саябағында қорғауға алынған, ҚР-ның Қызыл Кітабына тіркелген.

Үнділік жайра

Тянь-Шань, Қаратау, Шу, Іле Алатауларының етегінде таралған. Маңғыстаудың табиғи саябағында қорғауға алынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет