Сабақ жоспары Сынып: 7 «А» Күні: 27. 01. 2017 жыл

Дата04.08.2017
өлшемі252,53 Kb.
#22578

Сабақтың тақырыбы

§38 Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы.

Биология пәнінен ашық сабақ жоспары

Сынып: 7 «А»
Күні: 27.01 .2017 жыл

Мақсаты

1. Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту.
3. Оқушылардытабиғатты қорғауға, аялауға жан – жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыпты толық меңгереді, жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі

Оқуда қолданылатын әдіс- тәсілдер

Жеке, жұппен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау),  әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету),демонстрация,  түсінік беру(ақпараттық коммуникациялық  технология),

оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас, түсіндіру (диалогтік оқыту), «Адасқан әріптер» ойсергек

Негізгі деректер

көздері.

Р.Сәтімбекұлы «Хордалылар зоологиясы»

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

Қызығушылықтарын ояту. Тренинг. Өз атының бас әрпіне сәйкес сын есім айту. Мыс:Аманжол-ақылды,Диляра-дарынды,Мәулет-мейірімді,Айгерім- абыройлы,Гүлсім- гүлдей.

Топқа бөліну (түрлі түсті қағаздарға байланысты бөлу)

1 Үй тапсырмасын тексеру:

Кезбе тілші әдісі арқылы сұрау. Әр топ топ мүшелерімен ақылдасып бір тілшіні сайлап, оған топпен ақылдасып сұрақтарын дайындап береді. Тілші келесі топ мүшелеріне сол сұрақтарды қояды.

1.Сынып оқушыларын түгендеу,белгілеу анықтау

2.Бағалау критерийімен таныстыру.

Жинақталып сабаққа көңіл аудару.
Әр топ өз дұрыс жауаптарын белгілеп отырады

Жаңа сабақ

(Жаңа сабақ материалы)

ІІ. Мағынаны тану:

Топтық жұмыс

Тапсырма №1

Тапсырма №2

Тапсырма №3

Сергіту сәті.

Сабақты бекіту

Ой қозғау:

Рефлексия

Кері байланыс: 

Бағалау:

Үйге тапсырма : 

-Балалар, бүгін сабақта қандай жануарлармен танысатынымызды білу үшін тақтаға назар аударамыз. Тақтада қандай суреттерді көріп тұрсыздар?

- Бүгінгі сабақтың мақсаттары қандай?

-Сонымен бүгін сабақта біз сендермен балықтар,олардың түрлерімен танысамыз.

Сендер балықтар туралы не білесіңдер,соны тексеріп көрейік,ол үшін мына кестені толтырайық.

ББҮ кестесін толтыру

Не бiлемiн деп ойлайсыз /бiлемiн/

Үйрендiм

Бiлгiм келедi

Слайдпен жұмыс: балықтарға жалпы сипаттама

Балықтар – ең ежелгі омыртқалы жануарлар. Тіршілік ортасы – су. Жалпы балықтар саны 22 000-нан асады. Мөлшері, түсі, құрылысы және физиологиясы бойынша балықтар әр түрлі болады. Дене ұзындығы 1 см- ден 20 м- дейін. Массасы 10,5г –нан 12-14 тоннаға дейін болады. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология (грекше «ихтис» – балық, «логия» – ілім, ғылым) деп аталады. Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.

Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе-теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан-жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.
«Галереяға ой шарлау» стратегиясы бойынша: үстелде жаңа тақырыпқа байланысты түрлі қосымша материалдар мен балықтардың суреттері бар,әр топ өздеріне қажеттісін алып,жоба жасайды.

1-топ: сүйекті балықтар туралы

2-топ: шеміршекті балықтар туралы

1-топ материалдары:

Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы:

Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 – нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде – екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп – көкірек және құрсақ, тақ – арқа, құйрық және аналь желбезектер. 

Ішкі құрылысы:

Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы —- көлемді жұтқыншақ —- қысқа өңеш —- қарын —— аш ішек —- тоқ ішек —- тік ішек —- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- — екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.

Түрлері:сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар: сәулеқанаттылар және қалаққанаттылар

2-топ материалдары:

Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы:Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары жатады.Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді.Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл гректің «плакс – тақташа», «ейдос – пішінді» деген сөздерінен алынған термин. Өкілдері: акулалар,скаттар және тұтасбас( химералар)Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака – тік ішектің кеңейген бөлігі.Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері асқорыту жүйесін түзеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қозғалғыш. Жаққа ірі, үшкір тістер орналасады. Тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады. Жұтқыншақ – өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Аш ішегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек тікелей тоқ ішекпен байланысқан. Тоқ ішегі жуан. Ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын қатпарлары болады. Акуланың тік ішегі клоакаға ашылады.Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі – желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ – қылтамырлар (капиллярлар) торлап жатады.Акуланың иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көз қасаң қабығы – жазық, көзбұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы да жақсы дамыған. Шеміршекті балықтар даражынысты. Аталықтарында – жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрпақтарына қамқорлық жасайды.Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақта желбезектілер және тұтасбастылар деп аталады.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

About Fishes.

Fishes have appeared on light long before the person. Even dinosaurs, elephants and other animals can not argue with fishes in this question. So, fishes - the very first vertebrate animals on our planet. As well as all the alive essences living on the ground not one thousand of years, fishes from time to time changed. Now they are the most numerous representatives of class vertebrates. Them it is totaled, at least, 22 thousand the types living in the deep-water saltwater, in fresh-water lakes, in ponds, in mountain streams. All fishes conditionally divide into three types.

  • The first is cartilage fishes (slopes, sharks), that is fishes with cartilage a backbone. They have strong, thick, but without scales leather.

The second type are bony fishes, with not cartilage a backbone and a scaly leather.

  • The third type - the fishes having both lungs, and gills. All pulmonary fishes live only in fresh water. Their fins very much remind finitenesses of animals, therefore such fishes as, for example, a special kind of the perch, are capable to leave sometimes on coast.

    1. What kind of animals the very first vertebrate animals?

    2. How many types are there?

    3. Where do fishes live?

    4. What is the first of fishes?

    5. What is the second of fishes?

    6. What is the third of fishes?

Шеміршекті балықтар

Cartilaginous fishes [kɑːtɪˈlæʤɪnəs ˈfɪʃɪz]

Сүйекті балықтар

Bony fishes

Shark

Stringray

Chimera

Pike

Carp

Perch

Берілген суреттер бойынша шеміршекті және сүйекті балықтарды орналастыру. Ағылшын тілінде.

Ағылшын тілінде сергіту сәтін өткізу.

Warm-up. Double double this.

Double double that.

Тапсырма №3 «Yes», «No» ағылшын тілінде

Ыстық орындық. Is this a carp? Is this a chimera? Is this a pike?

Тапсырма №4 : Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.
Хабхат.............................бахтах
Батан.............................табан
Кеңөм..............................мөңке.
Азанс.............................сазан
Іебрек..............................бекіре
Нартош............................шортан

Сабақты қорыту:

Жабық тесттік тапсырма.

Бүгін сабақта білгеннің қайсысы сендерге таныс болды?

Не сендер үшін жаңалық болды?

Қай тапсырмалар сендердің көңілдеріңнен шықты,не ұнады? Неліктен?

2 жұлдыз, 1 тілек әдісі

Стикерлерді алып ,артына осы сабаққа деген оқушылардың пікірлері,ұсыныстарын жазулары керек.

Әр оқушыға сабақ барсында дұрыс жауапқа смайликтер таратылып отырады ,сабақ соңында соларды санап,бағалау

§39-41 оқу.

Бет: 193, 196, 199 сұрақтарына жауап беру.

Эссе «Егер мен ихтиолог болсам......»

Балық

Кесте толтыру

презентация

(постер қорғайды)

қимыл -қозғалыс жасайды

Бір оқушы шығып, балық атауларын атап, табу.

Дәптерлеріне жазу

Дәптерлеріне орындау. Бір-бірінің дәптерлерін тексеру. Сағат тіліне қарсы ауыстыру арқылы.
Парақшаға жазу

Оқушылар өз пікірлерін жазады

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.

.

Қосымша материалдар:

1-топ материалдары:

Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы:

Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 – нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде – екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп – көкірек және құрсақ, тақ – арқа, құйрық және аналь желбезектер. 

Ішкі құрылысы:

Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы —- көлемді жұтқыншақ —- қысқа өңеш —- қарын —— аш ішек —- тоқ ішек —- тік ішек —- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- — екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.

Түрлері:сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар: сәулеқанаттылар және қалаққанаттылар

2-топ материалдары:

Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы:Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар (скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары жатады.Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді.Шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақтар қаптайды. Бұл гректің «плакс – тақташа», «ейдос – пішінді» деген сөздерінен алынған термин. Өкілдері: акулалар,скаттар және тұтасбас( химералар)Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.Асқорыту мүшелері клоакамен бітеді. Клоака – тік ішектің кеңейген бөлігі.Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Иық және жамбас белдеулері мен жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері асқорыту жүйесін түзеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қозғалғыш. Жаққа ірі, үшкір тістер орналасады. Тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады. Жұтқыншақ – өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Аш ішегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі және ұйқы безінің өзегі ашылады. Аш ішек тікелей тоқ ішекпен байланысқан. Тоқ ішегі жуан. Ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын қатпарлары болады. Акуланың тік ішегі клоакаға ашылады.Шеміршекті балықтардың тынысалу мүшесі – желбезектер. Желбезектерінде желбезек доғалары, желбезекаралық перде және желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Желбезек шашақтарын ұсақ – қылтамырлар (капиллярлар) торлап жатады.Акуланың иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көз қасаң қабығы – жазық, көзбұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы да жақсы дамыған. Шеміршекті балықтар даражынысты. Аталықтарында – жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады. Аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрпақтарына қамқорлық жасайды.Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақта желбезектілер және тұтасбастылар деп аталады.
ББҮ кестесі

Мен білемін

Үйрендiм

Бiлгiм келедi

ББҮ кестесі

Мен білемін

Үйрендiм

Бiлгiм келедi

2 жұлдыз, 1 тілек әдісі

_______________________________ ___________________________________

___________________________________

________________________________ ____________________________________

____________________________________

2 жұлдыз, 1 тілек әдісі

_______________________________ ___________________________________

___________________________________

2 жұлдыз, 1 тілек әдісі

_______________________________ ___________________________________

___________________________________

Жабық тесттік тапсырма

  1. Балықтар қандай екі класқа бөлінеді? Шеміршекті және сүйекті

  2. Балықтар қандай сатыдағы жануарлар? Төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар

  3. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы: Ихтиология

  4. Балықтардың денесі қандай бөліктерден тұрады? Бас , тұлға және құйрық

  5. Балықтардың неше түрі суда тіршілік етеді? 22000-нан астам түрі

  6. Балықтардың миы неше бөлімге бөлінген, оларды атаңыз: 5 бөлімге, алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша

  7. Шеміршекті балықтарды ата: акула, скат, тұтасбас т.б.

  8. Ең ірі теңіз балығы: китпошымды акула

  9. Сүйекті балықтарды ата: шортан, ақмарқа, аққайран, табан, сазан(жесей) т.б.

  10. Балықтардың тіршілік ету ортасы: су

  11. Балықтар суда қалай тыныс алады? Желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.

  12. Торсылдақ тек қай балықтарда ғана болады? Сүйекті балықтарда

  13. Балықтардың қандай мүшелер жүйесі дөңгелекауыздылармен салыстырғанда жақсы дамыған? Жүйке жүйесі

  14. Балықтардың қанайналым жүйесі қандай? Тұйық, бір ғана қанайналым шеңбері болады

  15. Балықтардың жүрегі неше қуысты? 2 қуысты (1 жүрекше, 1 қарынша)

Бағалау критерийі:
14-15 – «5»
12-13 – «4»
8-11 – «3»
1-7 – «2»

Үй тапсырмасын тексеруге арналған тілші сұрақтары

  1. Не себептен желілер типі деп аталады? Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталады.

  2. Желілердің қанша түрі бар? 40-45 мыңдай түрі бар

  3. Желілерді басқаша қалай атайды? Хордалылар

  4. Желілер қайда мекен етеді? Құрлықта, топырақта, суда, ағаш басында, ауада ұшып тіршілік етеді.

  5. Жоғары сатыдағы жануарларда желіден не пайда болады? Омыртқа жотасы

  6. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда желбезек саңылауларының орнына пайда болған мүше? Өкпе

  7. Желілердің тип тармақтарын атаңыз: бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар.

  8. Төменгі сатыдағы желілерді атаңыз: бассүйексіздер мен қабықтылар

  9. Жоғары сатыдағы желілерді атаңыз: омыртқалылар

  10. Қандауырша қандай жануар? Омытрқасы жоқ желілі жануар

  11. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелігін ата: терісінің сыртында жұқа сірқабықтың (кутикуланың) болуы

  12. Қандауыршаны алғаш рет сипаттап жазған ғалым: Орыс ғалымы П.С.Паллас

  13. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым: көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет