Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет4/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
annotation169249
00003f17-5294198c, 00003f17-5294198c, ТПП 20-20 Омарова,Өмірзақ слайд-3, силы в механике
Көбеюі

Қос жынысты, ұрықтанған жұмыртқаларын пілдеге салады.


Таспа құрттар класы

Жер шарындағы түр саны

3000 – нан аса түрі бар.

Тіршілік ортасы

Адам мен жануарлар паразиті

Дене құрылысы

Пішіні жалпақ, ұзын таспа тәрізді. Тұрқы бірнеше мм-ден - 30 м.

Асқортыту мүшесі

Жоқ. Қорегін бүкіл денесімен сіңіреді.

Сезім мүшелері

Жоқ

Жүйке жүйесі

Нашар дамыған.

Ерекшелігі

Қос жынысты (гермафродит).

Көбею айналымы

Жұмыртқа → қармақшалы дернәсіл → финка(2-ші дернәсіл) →ересек құрт.

Өкілдері

Сиыр цепені, т.б.

Сиыр цепені (жармасқақ)

Тіршілік ортасы

Ересегі адам ішегінде, дернәсілі сиыр денесінде дамиды.

Дене құрылысы, жабыны.

Тұрқы 10 метр, ол 1000-нан астам бунақтардан құралады. Басында 4 сорғышы, қысқа мойыны бар. Денесін сіріқабық(кутикула) қаптаған.



Ас қорыту жүйесі



Жойылған

Жүйке жүйесі

Басында жүйке жасушаларының жиынтығы түзілген, одан денесін бойлай екі жүйке желісі жатады.



Зәр шығару жүйесі

Денесінің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын түтіктерден құралады.



Қанайналым жүйесі

Жоқ

Тынысалу жүйесі

Жоқ

Көру мүшесі

Жоқ

Ерекшелігі

Гермафродит – қос жынысты

Көбеюі және дамуы

Аналықбез және аталықбез жыныс жасушаларын түзіп, олар соңғы бунақтарында пісіп жетіліп, ұрықтанған жұмыртқалар нәжіспен сыртқа шығады. Олар шөппен сиыр қарнына түсіп, 6 қармақшалы дернәсілге айналады. Қармақшасымен сиыр қарнын тесіп қанмен бүкіл денеге таралады.
Егер бұлшықетте орнықса көлемі асбұршақтай финкаға айналады. Финка – екінші дернәсіл, ол сиыр өле-өлгенше тіршілік етеді. Ет арқылы финка адамға түсіп, көзінде орнықса, адам соқыр болып қалады. Ауруды финноз немесе цистицеркоз деп атайды.




Сорғыш құрттар (трематодтар) класы

Жер бетіндегі түр саны

5000-нан аса түр.

Тіршілік ортасы

Омыртқалылар паразиті

Дене құрылысы, жабыны

Денесі жалпақ, жапырақ пішінді. Тұрқы бірнеше мм – 5 см. Екі сорғышы бар – ауызы мен бауырында. Ересегінде кірпікшелері жоқ, еркін қозғала алмайды. дернәсілінде бар. Жабыны – сіріқабық (кутикула).

Көру мүшесі

Көздері болмайды.

Қоректенуі

Негізгі иесінің өт жолында сорғыштарымен бекініп, сорады.. Қалдық затын ауызы арқылы шығарады.

Қанайналым жүйесі

жоқ

Тынысалу жүйесі

жоқ

Өкілдері

Бауырсорғыш, мысықсорғыш, таспаша сорғыш, қаншыл сорғыш (айырдене), т.б.


Бауырсорғыш құрт

Тіршілік ортасы

Сиыр, қой, адамның, т.б. үй малының өт жолының паразиті.

Дене құрылысы

Денесін кутикула қаптаған, жапырақ пішінді жалпақ құрт, тұрқы 3-4 см. Екі сорғышы бар – аузында және құрсағында. Ересегінің кірпікшелері болмайды. Дернәсілінде кірпікшелер болады.

Ас қорыту жолы

Ауызы→жұтқыншақ→ішек тармақтары.

Қорегі

Иесінің қаны және бауыр жасушалары.

Қанайналым жүйесі

Жоқ

Тынысалу жүйесі

Жоқ

Ерекшелігі

Гермафродит – қосжынысты.

Көбеюі, дамуы

Ұрықтанған жұмыртқасы иесінен сыртқа шығады. Егер суға түссе, кірпікшелі, еркін қозғалатын дернәсілге айналады. Аралық иесі – тоспаұлудың денесіне түссе, дамып, құйрықты дернәсілге айналып суға түседі, оған 2-3 ай уақыт кетеді. Құйрығы түсіп, жағадағы шөпке жабысып, сіріқабықпен қапталған цистаға айналады. Мал шөп жегенде даму далғасады. Екі иелі:
1.Негізгі иесі – адам не үй жануарлары. 2.Аралық ие – тоспаұлу.


Жұмыр құрттар (алғашқы қуыстылар) типі


Жер шарындағы түр саны

20 000-ға жуық түрі бар.

Тіршілік ортасы

Теңізде, тұщы суда, топырақта, кейбірі адам мен жануарлар денесінде тіршілік етеді.

Дене құрылысы

Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас, екі жақты симметриялы жәндіктер. Көлденең кесіндісі – дөңгелек.Ауызы және аналь тесігі бар. Денесі үш қабаттан тұрады:
1.сыртқы қабаты – сіріқабық (кутикула),өлі ұлпа, денесіне өсуге мүмкіндік бермейді.
2.ортаңғы қабаты – гиподерма.
3.үшінші қабаты - бірыңғай салалы бұлшық ет.
Өскенде сіріқабық сыпырылып түсіп, түлейді.

Ерекшелігі

Денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс алғаш пайда болған, алғашқы қуыстылар деп те аталады.

Қозғалуы

Денесін қысқартып, соза алмайды, себебі, көлденең жолақты бұлшықеті жоқ. Екі жаққа иіле алады.

Қанайналым жүйесі

Жоқ

Тынысалу жүйесі

Жоқ

Көбеюі

Дара жынысты, кейбірі қосжынысты.

Негізгі кластары

Құрсақкірпікшелі құрттар, жұмыр құрттар, зымырақтар, қылқұрттар.

Түрлері

Ішексорғы, қылтыңбас, жіпшеқұрт, зымырақ, қылқұрт, құрсақкірпікшелі құрт, суыртқы, үшкірқұрт, т.б.



Ішексорғы (аскарида)

Тіршілік ортасы

Адам ішегінің паразиті

Дене құрылысы

Тұрқы 20 см, екі ұшы сүйір, түсі ақшыл – сарғыш құрт. Үш ерінді, ауызы және аналь тесігі бар. Жабыны – кутикула. Кутикула астында ұзын салалы бұлшықет болады. Көлденең салалы бұлшықеті жоқ, сондықтан денесін жиырып, қысқарта алмайды. Тек жан – жағына иіледі. Денесінде тығыз тері- бұлшықет қапшығы бар. Ішкі мүшелері орналасқан қуысы сұйықтыққа толы.

Ас қорыту жолы

Ауыз → алдыңғы ішек→ ортаңғы ішек → соңғы ішек → аналь тесігі.

Жүйке жүйесі

Бас жағында екі жүйке түйіні және одан денені бойлай созылған екі жүйке бағаны, екі баған жүйкелер арқылы бір-бірімен қатар- қатар көлденеңінен байланысқан.



Сезім мүшелері

Көзі жоқ. Денесінің алдыңғы жағында терідегі ойық химиялық сезім мүшесі.



Қанайналым жүйесі

Жоқ

Тынысалу жүйесі

Жоқ

Көбеюі

Дара жынысты. Аналығы ұзындау, аталығы қысқалау және құйрығы имек болады. Аналығында 2 жұмыртқа без, аталығында 1 аталық без бар. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ас қалдығымен бірге сыртқы ортаға таралады, саны 200 000 - ға дейін жетеді.



Зияны

Адамда бөсір (аскаридоз) ауруын тудырады.



Үшкірқұрт



Тіршілік ортасы

Адам, негізінен жас бала ішегінің паразиті

Құрылысы

Тұрқы 10 мм. Аталығы аналығынан 2 есе қысқа. Құйрық бөлігі өтк жіңішке болады. Денеден сыртқа аналығы ғана тірі шығады.

Зияны

Аш ішекке, бүйенге, соқырішекке өтіп қабындырады және соқырішек ауруын тудырады.

Эхинококк (шермишек)



Тіршілік ортасы

Ересек эхинококк қасқыр тұқымдастардың қарнында тіршілік етеді. Көпіршік тәрізіді финнасы қой, сиыр, кейде адамның бауыры, өкпесі, бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді.

Құрылысы

Ересек эхинококк тұрқы 2-6 мм. Финнасының мөлшері жаңа туған баланың басындай болады. Сиыр бауырындағы финна 12 кг-ға жетеді.

Зияны

Адамда эхинококкоз (шемен) ауруын тудырады.

Буылтық құрттар типі

Жер шарындағы түр саны

9000 түр

Тіршілік ортасы

Теңіз, топырақ.

Дене құрылысы

Денесі бас, тұлға, аналь тесігі болып бөлінеді. Екі жақты симметриялы, жұмыр және буылтықтанған, 3 қабатты, соңғы қуыс (целом) бар. Целом аралық қабаттан пайда болған.Дене қуысы 2-ші рет қайталанған.Тұрқы мм – 3 м.
Жабыны – жұқа бір қабатты эпителий, шырыш бөлетін бір жасушалы бездері өте көп. Буылтықтар ішкі мүшелерде де қайталанады.

Қозғалу мүшесі

Көпшілігінің әр буылтығында 2-2-ден екі жанын бойлай орналасқан қылтандар – параподия. (Сүлікте болмайды).

Қанайналым жүйесі

Тұйық жүйе, тұңғыш тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Қан тарату жүйесі - арқа және құрсақ қантамырлары, олар сақина тәрізді жалғасып «жүрекше» құрайды. Құрсақ қан тамырлары арқылы қаны алға жылжиды. Қаны қызыл, түссіз, кейбірінде жасыл түсті.

Зәр шығару жүйесі

Әр буылтығында эктодермадан түзілген имек тәрізді зәр шығару мүшесі бар.Буылтықтарда 2 -2 –ден орналасқан, соңғысында болмайды.

Бұлшықеті

Жабыны астында сақиналы бұлшық еті орналасқан. Оның астында бірыңғай салалы бұлшық еті орналасқан. Бірыңғай салалы бұлшық ет жиырылғанда денесі қысқара алады. Сақиналы бұлшық ет жиырылғанда денесі ұзара алады.



Жүйке жүйесі

Жұтқыншақ үсті және жұтқыншақасты жүйке түйіні(ми) мен құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Жүйке түйіндері жұтқыншақ маңында бір – бірімен сақина түзіп жалғасады.

Сезім мүшелері

Әр деңгейде дамыған. Жарық сезгіш жасушалары денесінде шашырап орналасқан. Сі түбінде тіршілік ететін түрлерінің көзі, қармалауыштары болады.

Көбеюі

1.Дара жынысты – нереида, құмқазар.
2.Гермофродит - шұбалшаң



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет