Сабақтың тақырыбы: Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары



бет2/4
Дата18.09.2024
өлшемі1,38 Mb.
#204622
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4-сабақ. Этносаралық қатынастар мәселелері және қарама-қайшылықтары

Этностардың арасындағы өзара қарым-қатынастар үнемі үйлесімді әрі бейбіт көршілік жағдайда қалыптаса бермейді. Тарихтан этникалық жанжалдар мен өара түсініспеушіліктерді, сенімсіздіктерді, тіпті этносаралық қақтығыстарды көптеп кездестіруге болады. Осы келіспеушіліктердің ішіндегі ең күрделілері аумақтық және саяси мәселелер болып табылады.

Есте сақтаңдар!

Этностар немесе этникалық топтар арасында пайда болған келіспеушіліктер этникааралық қайшылықтар деп аталады.

Этностардың өзара әрекеттесуі

Этникааралық қатынастардың кең мағынада қолданылуы этностардың саясатқа экономикаға, мәдениет пен әлеуеттік салаға қатынасы барысында жүзеге асады. Бұл орайда саяси аспекті ерекше маңызды болып саналады. Оған этностың өз тағдырын өзі шешуі: этносқа өзін-өзі реттеу құқығының берілгендігі, оның өзін-өзі басқаруына, автономиялығына немесе өз тәлдерінде білім алу, ана тіліндегі БАҚ секілді қандай да бір мәдени даралануына мүмкіндіктің жасалғандығы жатады. Саясат бағытындағы этностар теңдігі, этникалық және этникааралық мүдделердің ескерілуі, билік құрылымдарында этнос өкілінің болуы, барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына бірдей жағдай жасау болып табылады.

Тарихи жадыны мәдени және әлеуметтік факторлармен сабақтастырған қазіргі саясат, түрлі этнос өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынастың қалайда сақталуына ықпал етеді.

Ұлттық мәселе

Егер қандай да бір мемлекеттердегі этностар мен этникалық топтар арасындағы қатынастарда құқықтық теңсіздік орнаса және этностардың экономикалық саласы мен мәдени дамуында кемшілік орнаса, онда, «ұлттық мәселе» пайда болады – этникааралық араздық, өзара сенімсіздік, тіпті этностар арасында қақтығыстар орын алады.

Ұлттық мәселе, мемлекет тарихына және онда қоныстанған этностарға, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, саяси және мәдени факторларға, оның ішінде тілге, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге байланысты туындайды.

Ұлттық мәселе кең ауқымды этникааралық жанжалға соқтырмауы үшін мемлекет ұстамды ұлттық саясат жүргізуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет