Бекітемін: _______________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының у.м.а: Абдрахманова А. Б
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Эукариоттық жасушаның құрлысы ерекшеліктері тақырыбы бойынша қорытынды
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық студенттер :прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын біледі.
|
Студенттер басым бөлігі: прокариоттар мен эукариоттардың құрылыс ерекшеліктерін анықтап,органойдтерін сипаттайды.
|
Кейбір студенттер :прокариот пен эукариот жасушаларының қасиеттерін анықтап, құрылысын салыстырады.
|
Бағалау критерийі
|
-Цитология, жасуша, прокариот, эукариот, анцит, органоид терминдеріне анықтама бере алады.
-Прокариоттардың эукариоттардан ерекшеліктерін ажырата алады.
-Прокариоттардың органоидтарын жіктейді, қызметін негіздейді.
-Эукариоттарға және прокариоттарға жататын организмді жүйелейді.
- Эукариоттардың органоидтарын, олардың қызметін нақтылайды.
-Прокариоттар мен эуакриоттарды салыстыра алады.
-Жасуша үшін органоидтардың маңызына баға береді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Студенттер... істей алады Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырып, органоидтарын жіктеп, олардың қызметін нақтылай алады.
|
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері:Қабықша, цитоплазма, ядро, эукариоттар, прокариоттар, рибосомалар, митохондрия, Гольджи аппараты, ядрошық, хромосомалар, кариоплазма, пластид
тер, автолиз, лизосомалар, ЭПТ, вакуоль, жасушалық шырын.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
|
Талқылауға арналған тармақтар:Хромосомалардың жасуша үшін маңызы зор, өйткені....
|
Сіз тек өсімдік жасушасына тән органоидты айта аласыз ба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:эукариоттар мен прокариоттарды салыстыру үшін, жасушаның құрылыс ерекшелігін білу қажет, себебі.....
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының үшінші құндылығы. «Зайырлы қоғам және жоғары руханият»негізінде оқушыларды қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытуға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Цитология, микробиология, бактериология (пәнішілік байланыс)
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жағымды психологиялық ахуал. Студенттерді шаттық шеңберіне тұрғызу «Жүректен жүрекке» әдісімен бір - біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді
Шағын топтарға топтастыру.
Шағын топтарға топтастыруда аралас топ құру үшін «Бір шанырақ астында"әдісі арқылы 5 түрлі түсті ленталарды әр оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды және сол түсті табиғатпен байланыстырып, сыныптастарына жақсы лебізін жеткізеді. Сол түстер арқылы 5 шағын топтарға топтастырылады.
Тапсырма 1. Алдыңғы білімдеріңізді еске түсіру үшін, сұрақтарға жауап беріңіз.
Жасуша дегеніміз не?
Өсімдік және жануар жасушалары қандай үш бөліктен тұрады?
Прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан қандай айырмашылығы бар?
Оларға қандай ағзалар жатады?
Жасуша қабығы, ядро, вакуоль мен пластидтер не үшін керек?
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан қандай айырмашылығы бар?
Қолданылатын әдіс-тәсіл:«Кофе таяқшалары»
Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»әдісі арқылы
|
Түрлі түсті ленталар
сұрақтар
|
Сабақтың ортасы
|
Тапсырма2. Мәтінді оқи отырып, суреттен прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын көрсетіп жазыңыз.
(жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро және басқа органоидтар)
|